1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


«Портрет эпохи Независимости - Адилов Сырым»

Фоторепортаж
2018 жылы 1 маусымда Орталық қалалық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Портрет эпохи Независимости» тақырыбында «Өскеменнің 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, «Өскемен - Сүт СҮ» ЖШС директоры Әділов Сырыммен кездесу өтеді. Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Жерлестеріміздің табысты ісін көрсету арқылы туған жерде де барлық армандарды жүзеге асыру мүмкін екенін өз тәжірибелерінде көрсету. Әділов Сырым Бейсенұлы 2003 жылы Семей қаласының №6 мектеп-гимназиясын бітірген. ҚазГЗУ (Қазақ гуманитарлық заң университеті) ұлттық және халықаралық құқық факультетінің және Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің экономика және қаржы факультетінің түлегі, Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) экономика және қаржы факультетін мұнай және газ саласындағы бизнесті басқару бойынша академиялық магистрін бітірді. Еңбек жолын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ-ның бас маманы болып бастады. Астана қаласындағы NCOC компаниясында Солтүстік Каспий жобасы бойынша Өкілетті органның Техникалық тобының басқарушысы болып, Ұлыбританияда шығындарды бақылау және жеткізушілердің өтінімдерінің байқауын басқару бойынша  тағылымдамадан өтті. Атырау қаласындағы Agip KCO компаниясында Солтүстік-Каспий жобасы бойынша Техникалық тобының уәкілді ұйымының менеджрі болып істеді. 2017 жылдан Өскемен қаласында «Өскемен-Сүт СҮ» ЖШС директоры болып істейді. Кездесуде аталмыш кәсіпорынның қызметі мен қол жеткізген табыстары туралы білуге болады. Барлық тілек білдірушілерді шақырамыз.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.