1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Ақын сыры»

Фоторепортаж

2018 жылдың 6 сәуірі күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) ақын, сыншы, аудармашы, сықақшы Жарасқан Әбдірашевтің 70 жылдық мерейтойына орай «Ақын сыры» атты әдеби кеш өтеді. Жарасқан Әбдіраш (1948–2001) - 7 наурызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында туған. Ақынның алғашқы жыр жинағы – «Тұңғыш кітап» 1969 жылы жарық көрсе, онан беріде қазақ лирикасы, балалар поэзиясы, әдебикөркем сын және пародия, аударма саласында жиырмадан астам кітабы оқырман қолына тиді. Өлеңдері оқулықтар мен әдістемелік нұсқауларға, хрестоматияларға енген. «Қаладан келген қыз» атты естелік поэмасының желісімен көркем фильм түсіріліп, ол туынды халықаралық фестивальдардан бас жүлделерді жеңіп алған. Шығармалары орыс, неміс, болгар, венгр, украин, белорус, өзбек, тәжік, әзербайжан, түркімен, саха, қырғыз тілдеріне аударылған. Шара барысында ақын өлеңдері оқылып, шығармашылығы дәріптеледі, «Қаладан келген қыз» фильмінің көрсетілімі болады. Келем деушілерге есігіміз ашық.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.