1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


Орталық қалалық кітапханадағы жаңа жобаға қатысуға шақырамыз!

2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы Н.Назарбаев «Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет.

Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс»- деген болатын. 
Шындығында, ел ертеңі - бүгінгі ұрпақтың экономикалық сауатты болуы - өмірдің басты қағидаларының бірі. Осыған орай, экономика әліпбиімен таныстыратын тың бастамалар мен игі шаралар жоспарлануда. Соның бірі, Мемлекет басшысының 10.01.2018 ж. Жолдауының аясында және Шығыс Қазақстан облысындағы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Аймақтық іскер әйелдер кеңесі мен Орталық қалалық кітапханадағы іскерлік баспасөз клубының бірлесіп қол қойған Меморандумы шеңберінде «Оқушыларға арналған экономика: қарапайым және қолжетімді» атты жаңа жоба қолға алынды.
Жоба бағыттарының бірі - мектептегі төменгі сынып оқушыларына рухани-адамгершілік тәрбие беру болып табылады. Біздің жобамызға қаламыздағы төрт мектеп серіктес болып қосылып, жұмыс басталып та кетті, атап айтсақ, олар: №14-ші, 18-ші және 30-шы орта мектептер және №11 мектеп-лицейі. Бүгінгі таңда кітапханада өткен екі экономикалық ойын барысында балалар өздерінің болашағын бағдарлап, белсенді қызығушылықпен сабаққа қатысты. Жоба балаларға өздерінің өмірлік тәжірибелерін жүзеге асыруға көмектеседі, интеллектің дамуына ықпал етеді, балалардың таным көкжиектерін кеңейтеді, олардың моральдық қалыптасуына көмектеседі деп үміттенеміз. Сонымен қатар, Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 14 кітапханасының әрқайсысында ҚР Президентінің Жолдауы бойынша тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, заңнама құжаттары мен кітаптар оқырмандар назарына ұсынылған.
Анықтама телефоны:  77-26-15.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.