1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345



«Ты и твоя безопасность»

«Ты и твоя безопасность»

2014  жылдың  28  наурызы  күні  №11 кітапхана –бөлімшесінде жоғарғы  сынып  оқушыларына «Ты и твоя безопасность» атты құқықтық ақпарат   өткізілді.Жүргізуші террорлық  іс-әрекеттер туралы түсінік беріп ,ары қарай Бесландағы қайғылы жағдай туралы айтылды.Сонымен қатар террорлық  және антитеррорлық жайлы  бейнекөрсетілім  көрсетілді.

Подробней...



«Наурыз - жыл басы»

«Наурыз - жыл басы»

18 наурыз күні №8 кітапхана-бөлімшесі Наурыз мерекесін атап өтті. «Наурыз - жыл басы» мерекесінде  наурыз туралы, қазақтың салт- дәстүрлері жайлы мағлұмат алды. Олар би билеп, ән айтты, «Асық ату», «Көтермек» ұлттық ойындарын  ойнады. Ою оюдан жарыс ұйымдастырылды. Мереке соңында шашу шашылып, жаңа жылға тілектер айтылды.



Өскемен қаласына арналған жаңа ақпараттар

Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің анықтамалық - библиографиялық және ақпараттық қызметтер бөлімі мен Өлкетану ақпараттары орталығы Сіздердің назарларыңызға төмендегі дискілерді ұсынады:

"Өскемен: ХIХ – ХХ ғасырларда"

Подробней...



"Бір ел - бір кітап"

2010ж. наурызынан «Бір ел – бір кітап» акциясы басталды. Оның ұйымдастырушылары - Мәдениет министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, сонымен қатар ҚР кітапханалық ассоциациясы. Эксперттердің тұжырымынан кейін, бүкілхалықтық оқуға Ж.Молдагалиевтың «Мен - қазақпын» поэмасы таңдалып алынды.

Подробней...



Кітап білім бұлағы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Подробней...



"Оқырмандар конференциясы"

Кейінгі кезде кітапханада оқырмандармен өткізілетін мәдени шаралар түрі жыл санап молайып келе жатыр. Олай болуы да тиіс. Өйткені қазіргі жаңа технология мумкіншіліктерін пайдалана отырып, өткізер шараны түрлендіруге жағдай жасалған. Дегенмен әлі де болса өз мәнін жоғалтпаған дәстурлі шаралардың негізгісі — оқырман конференциясы кейінгі уақытта қағажау қалып, оның орнын кітап тусаукесерлері, беташарлар, пікіралмасулар басып келеді. Сондықтан да оқырман конференциясы жайлы әріптестеріме ой тастап, жас мамандарға өз жұмыстарында пайдалану ушін әдістеме ретінде ұсынуды жөн көрдім.
Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.

Подробней...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.