1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
Image 1

Назар аудар

  • Previous
  • Next
  • Stop
  • Play

Науқан

 

«Бір ел – бір кітап» акциясы


 

Акция тарихы

Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.
Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.
«Бір кітап, бір Чикаго» (One book, one Chicago) бағдарламасы Чикаго жұртшылығына белсенді ықпал ету арқылы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. Бұл - қаланың кенеттен кітапсүйерлер клубына тән өзгерістермен құбылатын күні.
2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, Пулитцеров сыйлығына лайық деп танылған американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады.
Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). «Сто лет одиночества» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап Испанияда оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінді.
2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.
«Жаппай оқу оқиғасы» жыл сайын Англияның оңтүстік-батысындағы тұрғындарды күйзелтуде. Бұл аталған облыстың барша халқы әр жылдың қаңтарынан наурыз айына дейін бір кітап оқуды қолға ала бастады. 2006 жылы олар Жюля Вернаның «Вокруг света за 80 дней» атты кітабын оқыды.
Қазақстан Республикасының «Бір ел – бір кітап» акциясы
Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.

«Бір ел – бір кітап» – 2017

Жыл кітабы – Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармалары

Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен көрнекті ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған.Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді. Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген ауыл молдаларында оқиды. 1908 жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы Әбдірахман деген молданың медресесіне түсіп, одан 2-3 жыл сабақ алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ етіп өлең шығарады. Ол 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы жинап, қайта оқуға келу болады. Ол бала оқытудан бос уақытында, өз бетімен оқумен шұғылданады, өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6 поэма жаңа сатыға көтерген, Абайдан кейінгі ірі суреткер, реалист ақын болып табылады.

ҚЭЖ

Құжаттарды электронды жеткізу




«Ел қорғайтын сарбаздар»

2017 жылы 4 мамыр күні,  сағат 13.00 –де  № 9 кітапхана бөлімшесінде (Қ.Сәтпаев даңғылы, 16/2) «Ел қорғайтын сарбаздар» тақырыбында  ойын -викторина  өткізіледі.

Толығырақ...



«Қазақстан қарулы күштерінің қаһарман жолы»

2017 жылдың  3 мамыр күні,  сағат  14:00- де  Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22)

Толығырақ...



«Елін қорғаған ерлер»

2017 жылы 4 мамыр күні, сағат 15.00- де Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22)

Толығырақ...



«Қазақстан - біздің ортақ үйіміз »

Фоторепортаж

2017 жылы 27 сәуір  күні, сағат 14.00-де №11 кітапхана бөлімшесінде (Косарев көшесі, 34) 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Қазақстан -  біздің ортақ үйіміз»

Толығырақ...



«Заманауи кітапхана қызметі»

Фоторепортаж

2017 жылғы 27 сәуірде, сағат 10.00-де №2 кітапхана бөлімшесінде  (Гагарин бульвары, 24) «Заманауи кітапхана қызметі»

Толығырақ



«Чернобыль в нашей памяти»

Фоторепортаж

2017 жылы, 26 сәуір күні, сағат 14.00-де №11 кітапхана бөлімшесінде (Косарев  көшесі, 34) Чернобыль апаты оқиғасына 31 жыл толуына орай «Чернобыль в нашей памяти»

Толығырақ...



«Сіздің кітап сөреңіз жүйеде» атты Bookmate

Фоторепортаж

2017 жылы 21 сәуірде, сағат 15.00-де  Орталық қалалық кітапханада (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Сіздің кітап сөреңіз жүйеде»

Толығырақ...



«Көктем күні көңілді»

Фоторепортаж

2017 жылы, 25 сәуір күні, сағат 15:00-де № 6 кітапхана бөлімшесінде (Островский көшесі, 8)  балалар ақыны Жақан Смақовтың шығармашылығы бойынша «Көктем күні көңілді»

Толығырақ...



«Экстремизм мен лаңкестікке жол жоқ!»

Фоторепортаж

2017 жылы, 21 сәуір күні, сағат 13:00-де№2 кітапхана бөлімшесінде (Гагарин бульвары, 24) «Экстремизм мен лаңкестікке жол жоқ!»тақырыбында дөңгелек үстел басында басқосу өтеді.

Толығырақ...



«Қазақстан - достықтың киелі бесігі»

Фоторепортаж

2017 жылы, 26 сәуір күні, сағат 13:00-де №7 кітапхана бөлімшесінде (Бажов көшесі 343/3) «Қазақстан - достықтың киелі бесігі»атты ақпарат сағаты өткізіледі.

Толығырақ...

Меню

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде, сонымен қатар біздің "Мереке - Праздник для всех" газетіне жарнама орналастыру бойынша мына телефон арқылы +7 7232 25-03-64 және ukcbs@mail.ru хабарласуға болады.