1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне виртуалды саяхат»

Фоторепортаж
Әрбір елде тұратын кез келген ұлттың қасиетті орындары, маңызды тарихи немесе мифологиялық нысандары болады. Олар осы мемлекетте тұратын әрбір ұлтты түсіну және олардың тарихын зерделеу үшін өте маңызды. Бұл орындар  адамды жеріне, елінің ежелгі мәдениетіне деген құрметке баулитын  қасиетке ие. 12 желтоқсанда Орталық қалалық кітапханада «Шығыс Қазақстан облысының киелі жерлеріне виртуалды саяхат» атты шара өтеді.

 

Толығырақ...



«Оралхан Бөкейдің рухани әлемі» атты кешенді шараға шақырамыз

Жүйелі ойды, киелі сөзбен көмкеріп, көңіл астарындағы ақиқатты сөз семсері етіп сермеп, орамды ойын қаламмен өрнектеген Өр Алтайдың асқақ жазушысы Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерейтойы Өскемен қаласында да жыл көлемінде аталып өтті.
Ағымдағы жылы Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің мерейтойына орай кешенді шаралар ұйымдастырылды. 

Толығырақ...



«Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»

Фоторепортаж
Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапхана жанынан құрылған «Шабыт» ақындар орталығы  мен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің химия кафедрасы ұйымдастырған «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты қалалық ақындар мүшәйрасы мәреге жетті. Жыр сайысында оза шапқан Жаңбаев Естай бірінші орынды иеленді. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенті Ақбота Аманбекова ІІ орынды, Қазақстан Америка Еркіндік университетінің студенті Тасқынбек құндыз ІІІ орынды жеңіп алды. Сонымен С. Аманжолов атындағы арнаулы жүлдені Данагүл Исағұлұқызы иеленді. Тағыда бір арнаулы жүлдені Амирханова Балаусаның қанжығасына байланды. Өлеңмен өрнектелген өрелі кеш болды.



Мүшәйра. Мүшәйра. Мүшәйра!

2018 жылдың 7-желтоқсаны күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты жыр мүшәйрасы өтеді.
Ұйымдастырушылар: Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана жанынан құрылған «Шабыт» ақындар мектебі және С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің химия кафедрасы.

Толығырақ ...



Группа «Пульс»

Фоторепортаж
2018 жылдың 5 желтоқсанында Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Пульс» мектеп кітапханашылары шығармашылық тобының мүшелері «Звено Алтая» облыстық әдеби бірлестігінің жетекшісі Матвеева Наталья Семеновнамен кездесу өткізді.  Кітапханашы-өлкетанушылар поэзия патшалығына саяхат жасап, өлең тыңдады, ақынның шығармашылық жұмысына қызығушылық танытып, жаңа аймақтық басылымдармен танысты.
Тартымды сұхбатқа толы кездесу қызықты өтті.



Туған өлкеге саяхат жасады

Фоторепортаж
Табиғат дегенде тылсымы ерекше Шығыс Қазақстан өлкесі мен үшін ең тамаша, ең көркем жер. Өңірдегі киелі жерлердің өздері бір төбе, келешек ұрпаққа мақтанышпен айтарлықтай тарихи орындарымыз да жетерлік. Бүгінде ШҚО-да туған өлкеге саяхат жасап, қызықты жерлер туралы егжей-тегжейлі әңгімелеу кеңінен таралып келеді. Әлбетте, бұл жергілікті туризмнің дамуына оң әсерін тигізеді.

Толығырақ...



День библиотекаря

Фоторепортаж
«Адамды адам еткен – кітап, адамзат еткен – кітапхана» - дейді. Бүгін Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана қызметкерлері мерейлі төл мерекесін атап өтті. Жыл сайын өтіп келе жатқан дәстүрлі кәсіби сайыстардың қорытындысы шығарылып, жылдың үздік кітапханашылары мен кітапханалары марапатталды. Рухани қазандықтың құлағын ұстаған кітапханашылар күні құтты болсын!



«Ұлы даланың жеті қыры»

Фоторепортаж
«Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз» - деп «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында Елбасы айтқандай әрқайсысымыз айтылған әрбір сөздің байыбына барып, саралап оның іске асуына атсалысуымыз керек.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.