1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Мен бақытты бола салам бір күні...»

Фоторепортаж
2018 жылдың 18 мамыры күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі бар ақын Гүлнар Салықбаеваның 55 жасқа толған мерейтойына орай «Мен бақытты бола салам бір күні...» атты поэзия сағаты өтеді. Поэзия сағатында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өрнекті өлеңдері оқылады. Келіңіздер, көріңіздер!



«В ногу со временем»

Фоторепортаж
2018 жылдың 17 мамыры күні сағат 11.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Рудный Алтай» газетінің 100 жылдығына және Өскемен қаласындағы телевизиялық орталықтың 60-жылдығына арналған кездесу өтеді. Шараға танымал тележүргізуші Вера Анатольевна Лазарева мен Өскемен қаласының «Мой город»

Толығырақ...



«Детства лучик золотой»

Фоторепортаж
Бірнеше жыл бойы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Алтай өлкетану кітапханасымен тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыстар атқарып, өлке тарихы бойынша оқушылар арасында сайыстар өткізіп келеді. 2018 жылы сайысқа қатысушылар «Детства лучик золотой» тақырыбында өз жұмыстарын ұсынды.

Толығырақ...



«Астана – символ мира и дружбы»

2018 жылдың 16 мамыры күні сағ. 14.00-де (Металлург көшесі, 13)   № 4 кітапхана- бөлімшесінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – символ мира и дружбы»  атты іс-шара өтеді. Кітапханашылар Астананың өткені мен бүгінгі шағы, оның қалыптасуындағы Елбасының рөлі және бас қаламыздың мәртебесі туралы қызықты мағлұматтар береді.

Толығырақ...



«Помнит сердце, не забудет никогда»

2018 жылдың 6 мамыры күні сағат 13.00-де №4 кітапхана-бөлімшесіндегі (Металлург көшесі, 13) «Элегия» клубында «Помнит сердце, не забудет никогда» атты әскери әндер кеші өтеді. Сұрапыл соғыс жылдарында елі мен жерін жаудан қорғаған жауынгерлердің рухын асқақтатып, көңіліне демеу, жанына медет болған құдіреттің бірі - патриоттық әндер.

Толығырақ...



Мы - наследники Победы

Фоторепортаж
Біз бейбіт күнде, дәулетті де сәулетті тәуелсіз дархан елімізде уайым-қайғысыз өмір сүріп жатқанымыз үшін ата-бабаларымызға шексіз алғыспен тағзым етеміз. Бағзы заманнан бастап, бұдан 73 жыл бұрын аяқталған соғысқа дейін біздің  осынау мамыражай тірлігіміз үшін қаншама боздақтар  жанын қиып, қаншама аналар жасын төкті десеңізші.

Толығырақ...



«Война в судьбе моей семьи»

Фоторепортаж
2018 жылдың 4-мамыры күні сағат 13.00-де №4 кітапхана-бөлімшесіндегі (Металлург көшесі, 13) «Огонек» клубында «Война в судьбе моей семьи» тақырыбында еске алу кеші өтеді. Жеңіс күніне арналған мерекелік шарада жас ұрпақ Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігіне тағзым етіп, Жеңіс үшін от кешкен, өз өмірін құрбан еткен батырлар рухын еске алады.

Толығырақ...



«Вечный зов Родины»

Фоторепортаж
2018 жылы 3 мамырда Орталық қалалық кітапханада жазушы Анатолий Степанович Ивановтың 90 жылдық мерейтойына орай «Вечный зов Родины» атты әдеби кеш өтеді. Іс-шараның мақсаты: жерлес-жазушы А. Ивановтың шығармашылығымен таныстыру, зерттеу және насихаттау арқылы өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.