1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
01234567


Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!



Құрметті пайдаланушылар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен  құттықтаймыз!
Отбасыларыңызға бақыт және мықты денсаулық тілейміз!
Отанымыздың  бүгіні мен болашағы үшін қажыр-қайратымызды аямай, жетістіктерге жете берейік!
ОКЖ кітапханалары 15 желтоқсанда сағат 17.00-ге дейін жұмыс істейді.
16,17 желтоқсан – мерекелік демалыс күндері.
18 және 19 желтоқсанда күнделікті кесте бойынша жұмыс істейді.


 




«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру»

Фоторепортаж

27 қыркүйекте сағат 10.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты панорамалық көрменің ашылуы өтеді. Көрме мақалада көрсетілген бөлім атауларынан тұрады: «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы», «Бәсекелік қабілет»

Толығырақ...



«Кітапханаға кітап сыйлаймын!»

Фоторепортаж

Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Шығыс Қазақстан облыстық «Атамекен» ҰКП іскер әйелдер аймақтық кеңесінің төрайымы Березинская - Абилова Елена Николаевнаның қолдауымен «Кітапханаға кітап сыйлаймын!» акциясы жалғасын табуда. Бүгін, 22 қыркүйекте Циммерман Нина Викторовна акцияға қатысып, кітапханаға 150-ден астам кітапты тарту етті. Бұл кітаптар болашақта кітапхана сөресінен табылуы немесе қаладағы бірлесіп жұмыс атқаратын пенитенциарлық мекемелерге берілуі де мүмкін. Қалай десекте, сыйға тартылған кітаптардың барлығы міндетті түрде өз оқырманына жол тартады. Жыл көлемінде өтіп жатқан акцияға белсене қатысқан қала тұрғындарына шексіз алғысымызды білдіреміз.



«Латын əліпбиіне көшудің тарихы, өзекті мəселелері»

Фоторепортаж

Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚМТУ ғимаратында өткен «Латын əліпбиіне көшудің тарихы, өзекті мəселелері» атты облыстық дөңгелек үстел отырысына қатысып қайтты. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері жəне облысымыздағы тіл мамандары баяндама жасап, латын əліпбиіне көшудің маңыздылығына тоқталды.



«Рухани жаңғыру жəне тіл саясаты»

Фоторепортаж

Өскемен қаласы əкімдігінің «О. Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметкерлері Елбасы бағдарламасының аясында көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырып, іс-шаралар өткізуде. №1 кітапхана бөлімшесінде жəне Өлкетану бөлімінің қызметкерлері № 45 мектепте болып, Тілдер мерекесіне қатысып қайтты. «Рухани жаңғыру жəне тіл саясаты» тақырыбында баяндама жасалып, викториналық сұрақтар ойнатылды.

 



«Тіл қуаты – бірлікте»

Фоторепортаж

Бүгін Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың фиология факультетінің студенттері Қазақстан халықтарының тілдері күніне орай мерекелік бағдарлама өткізді. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жастарды жарқын болашаққа жетелейтін бағдарлама. Жалынды жастар бағдарлама ауқымында айтылған «тіл үйрену, қабілетті болу, ел үшін тер төгу» деген Елбасы ұсынысын қолдай отырып, өз өнерлерімен ел болашағының дамуына үн қосатындықтарын айқындады. Кездесуде әсем әндер айтылып, күмбірлі күй тартылды. Әсіресе, бірінші курс студенттері қызыққ толы кеш болды.



«Латынға оралу-заман талабы»

Фоторепортаж

Орталық қалалық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Латынға оралу-заман талабы» атты дөңгелек үстел өтті. Басты мақсат латын қарпіне көшу заман талабы, елдік мүдде екенін қауымға жеткізу болды. Шара барысында оқырман қауым ойларын ортаға салып, латын қарпіне көшу туралы жазылған мақалалар тізбегімен танысты. Газет беттері мен сайттарда жарық көрген зиялы қауым өкілдері мен саяси тұлғалардың пікрілерін оқып ой бөлісті. Ел болып латынға көшуде жастар жағы белсенді екендігін баса айтты. Шара соңында жас ақын Естай Жаңабаев алғаш рет латын қарпінде жазған өлеңін оқырман қауымға ұсынды. Дөңгелек үстелге С. Аманжолов атындағы ШҚМУ студенттері және зиялы қауым өкілдері мен «Шабыт» клубы мүшелері қатысты. Кездесуге жиналған қауым латынға көшуде Елбасымен, елмен тілегі бір екендігін байқатты.



«Арт-терапия»

Фоторепортаж

Арт-терапия — это в буквальном смысле означает лечение искусством: музыкой, фотографией, лепкой, литературным творчеством, танцами, актерским искусством и т.д. Используя простые на первый взгляд приемы, арт-терапия незаметно для пациента проводит диагностику его душевного и физического состояния, лечит выявленные проблемы и просто приносит массу удовольствия. Она основана на эффекте спонтанности, как и любой вид творчества. Но не требует специальных талантов или способностей. Сегодня занятие по арт-терапии в Центральной городской библиотеке провели специалисты из Поликлинники N1 с использованием музыки. Во встрече участвовали самые активные и позитивные мамы г. Усть-Каменогорска и их детки, а также воспитанники детского отделения Ассоциации женщин-инвалидов "Алтын-ай".



«Арт-терапия»

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді. Арт терапияның ерекшеліктері - музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, құм терапиясы т.б. болып табылады. Баланың шығармашылық жағдайын дамытып, денсаулығын түзеймін деген жас аналарды балалармен бірге 2017 жылдың 21 қыркүйегі күні Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Өскемен қалалық №1 поликлиникасының мамандары өткізетін сабаққа қатысуға шақырамыз. Ата-аналар күзгі уақытта балалар жиі ұшырайтын аурулар, қауіп-қатерлер және онымен күресу жолдары туралы мәліметтермен таныс болады.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Біздің сұрақ

Кітапхананың мына жұмыс кестелерінің қайсысы Сізге қолайлы?

 

 


  Нәтижелер

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.