1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Культура евразийского региона»

Фоторепортаж
2018 жылдың 20-24 мамыры күндері өлкетану бөлімінің қызметкері Ирина Борисовна Каланчина Барнаул қаласында өткен «Культура евразийского региона» атты II халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумға қатысып, «Проблемы изучения, сохранения и трансляции историко-культурного и природного наследия» секциясында «Фёдор Голованов и его методика упрощения письменного шрифта» атты баяндама жасады.



«Недосказанное слово о Герольде Бельгере»

Фоторепортаж
31 мамыр - жаппай саяси қуғын-сүргін және қасіретті ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Қуғын-сүргін жылдары біздің елімізде құрылған лагерьлерге 5 миллионнан астам адам жер аударылды. Сотталғандардың жалпы саны бұл саннан әлдеқайда жоғары. Республиканың өзінде 1921-1954 жылдар аралығында 100 мың адам сотталды, оның ішінде 25 мыңы ату жазасына кесілді.

Толығырақ...



«Портрет эпохи Независимости»

Фоторепортаж
2018 жылы 25 мамырда сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Портрет эпохи Независимости» тақырыбында ШҚО ДБ «Шығыс Қазақстан оңалту орталығы» ШЖҚ КМК бас дәрігері Тортаев Тимур Жанарбекұлымен кездесу өтеді.

Толығырақ...



Центр знаний

Фоторепортаж

23 мамырда Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Білім орталығының ашылуы өтті. Қатысушыларға орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ақпараттық мүмкіндіктері туралы айтылып, сыртқы және ішкі мәліметтер қоры бойынша көрсетілетін қызмет түрлері таныстырылды, шара соңынан кітапханаға саяхат жасалынды.



«Мен бақытты бола салам бір күні...»

Фоторепортаж
2018 жылдың 18 мамыры күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі бар ақын Гүлнар Салықбаеваның 55 жасқа толған мерейтойына орай «Мен бақытты бола салам бір күні...» атты поэзия сағаты өтеді. Поэзия сағатында ақынның сөзіне жазылған әндер шырқалып, өрнекті өлеңдері оқылады. Келіңіздер, көріңіздер!



«В ногу со временем»

Фоторепортаж
2018 жылдың 17 мамыры күні сағат 11.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Рудный Алтай» газетінің 100 жылдығына және Өскемен қаласындағы телевизиялық орталықтың 60-жылдығына арналған кездесу өтеді. Шараға танымал тележүргізуші Вера Анатольевна Лазарева мен Өскемен қаласының «Мой город»

Толығырақ...



«Детства лучик золотой»

Фоторепортаж
Бірнеше жыл бойы Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері Алтай өлкетану кітапханасымен тығыз қарым-қатынаста бірлесе жұмыстар атқарып, өлке тарихы бойынша оқушылар арасында сайыстар өткізіп келеді. 2018 жылы сайысқа қатысушылар «Детства лучик золотой» тақырыбында өз жұмыстарын ұсынды.

Толығырақ...



«Астана – символ мира и дружбы»

2018 жылдың 16 мамыры күні сағ. 14.00-де (Металлург көшесі, 13)   № 4 кітапхана- бөлімшесінде Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – символ мира и дружбы»  атты іс-шара өтеді. Кітапханашылар Астананың өткені мен бүгінгі шағы, оның қалыптасуындағы Елбасының рөлі және бас қаламыздың мәртебесі туралы қызықты мағлұматтар береді.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.