1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Кітап білім бұлағы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Подробней...



"Оқырмандар конференциясы"

Кейінгі кезде кітапханада оқырмандармен өткізілетін мәдени шаралар түрі жыл санап молайып келе жатыр. Олай болуы да тиіс. Өйткені қазіргі жаңа технология мумкіншіліктерін пайдалана отырып, өткізер шараны түрлендіруге жағдай жасалған. Дегенмен әлі де болса өз мәнін жоғалтпаған дәстурлі шаралардың негізгісі — оқырман конференциясы кейінгі уақытта қағажау қалып, оның орнын кітап тусаукесерлері, беташарлар, пікіралмасулар басып келеді. Сондықтан да оқырман конференциясы жайлы әріптестеріме ой тастап, жас мамандарға өз жұмыстарында пайдалану ушін әдістеме ретінде ұсынуды жөн көрдім.
Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.

Подробней...



ҚР рәміздері

 

 

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

ҚР Мемлекеттік Әнұраны

Музыкасы композитора Шамші Қалдаяковтікі, сөзі Жұмекен Нажимеденов пен Нұрсолтан Назарбаевтікі.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Подстрочный перевод текста Государственного гимна Республики Казахстан:

В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.



Орталық қалалық кітапхана

Жиенбекова Жанат Маутқызы

8 (7232) 25-03-64; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы 22

Орталық қалалық кітапханада  2018-жылдың 1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін шаралар жоспары

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 21.09.2018 14:00 «Ана тілім ғасырлардан аманат» (с участием победителя национального проекта «100 новых лиц Казахстана» - А.М.Жилкашиновой). Дөңгелек үстел.
2 21.09.2018 13:00 «Бокеевские чтения». Байқау.
3 25.09.2018 10:00 «Оралхан Бөкейдің рухани әлемі». Облыстық ғылыми конференция.
4 26.09.2018 14:00 «Үркер ауып барады». Мүшайра.
5 12.09.2018 15:00 «Семей-Семипалатинск-Семь палат». (к 300-летию города Семипалатинска).  Виртуалды саяхат.
6 07.09.2018 14:00 «Семей тарих толқынында» (к 300-летию г. Семей). Бейне сабақ.


Орталық балалар кітапханасы

Гаврюш Оксана Владимировна
8 (7232) 26-26-43; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
М. Горький көшесі, 54

Орталық қалалық балалар кітапханасы  2018-жылдың 1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 11.09.2018 10:00 «Герб города». Викторина.
2 12.09.2018 12:00 «Заходи в зеленый дом»(к 115-летию со дня рождения Г.А. Скребицкого). Экологиялық сабақ.
3 13.09.2018 10:00 «Маршруты памяти». Тақырыптық экскурсия.
4 14.09.2018 12:00 «Мой город». Ойын-квест.
5 19.09.2018 10:00 «Күн,су,таза ауа-достарымыз жан дауа». Танымдық сағат.
6 20.09.2018 14:30 «Юбилеи в стране Читалии». Әдеби сағат.
7 20.09.2018 10:00 «Народа каждого язык прекрасен и велик». Викторина.
8 21.09.2018 12:00 «Языки разные важны,Языки разные нужны». Сайыс.
9 25.09.2018 10:00 «Страна Вообразилия»(к 100-летию со дня рождения Б. Заходера).  Поэзия сағаты.
10 26.09.2018 12:00 «Загадочные места Казахстана.  Виртуалды саяхат.
11 27.09.2018 12:00 «Менің жазғы демалысым». Әңгіме.


Орталық қалалық балалар кітапханасы 2018-жылдың  1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін клубтар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 19.09.2018 10:00 «Күн,су,таза ауа-достарымыз жан дауа». Танымдық сағат. «Экозайка»

 


Шараларды өткізу мерзімдері мен уақыттары өзгеруі мүмкін.

Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!



№ 1 кітапхана-бөлімшесі

Келдіғұлова Гүлзайра Раукенқызы
8 (7232) 57-31-48; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Сәтпаев даңғылы,14/4
№1 кітапхана-бөлімшесінің 2018-жылдың 1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Шараларды өткізу мерзімдері мен уақыттары өзгеруі мүмкін.
Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 28.09.2018 14:00 «Көркемдіктің Кербұғысы». Әңгіме.


№ 2 кітапхана-бөлімшесі

Дементьева Елена Викторовна
8 (7232) 78-20-77; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Гагарин б. 24

№2 кітапхана-бөлімшесінің 2018-жылдың  1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 05.09.2018 13:00 «Отбасым-мақтанышым». Өлеңдер сайысы.
2 07.09.2018 13:00 «Город мой любимый». Библио-глобус.
3 08.09.2018 14:00 «Вальс листопада». Би кеші.
4 12.09.2018 13:00 «Туған жерге туыңды тік». Патриоттық сағат.
5 19.09.2018 13:00 «Қазақстанға саяхат». Кинолекция.
6 21.09.2018 13:00 «Тілге құрмет,елге құрмет». Ауызша журнал.
7 29.09.2018 14:00 «Листья желтые над городом кружатся». Әдеби қонақжай.

 

№2 кітапхана-бөлімшесінің 2018-жылдың  1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін клубтар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 08.09.2018 14:00 «Вальс листопада». Би кеші. «Зарянка»
2 29.09.2018 14:00 «Листья желтые над городом кружатся». Әдеби қонақжай. «Литературный бульвар»

Шараларды өткізу мерзімдері мен уақыттары өзгеруі мүмкін.

Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!



№ 4 кітапхана-бөлімшесі

Асташева Галина Ивановна
8 (7232) 77-26-15; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Металлургтер к, 13

№4 кітапхана-бөлімшесінің 2018-жылдың 1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 08.09.2018 13:00 «Закружилось в небе осень». Күзгі бал.
2 19.09.2018 13:00 «С открытымсердцем,с добрым словом...»(Э.А.Асадов-95 лет). Поэтикалық вернисаж.

№4 кітапхана-бөлімшесінің 2018-жылдың  1-30 қыркүйек аралығында өткізілетін клубтар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1 08.09.2018 13:00 «Закружилось в небе осень». Күзгі бал. «Элегия»
2 19.09.2018 13:00 «С открытымсердцем,с добрым словом...»(Э.А.Асадов-95 лет). Поэтикалық вернисаж. «Элегия»

Шараларды өткізу мерзімдері мен уақыттары өзгеруі мүмкін.
Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.