1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!


Құрметті пайдаланушылар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен  құттықтаймыз!
Отбасыларыңызға бақыт және мықты денсаулық тілейміз.
Отанымыздың  бүгіні мен болашағы үшін қажыр-қайратымызды аямай, жетістіктерге жете берейік.

16,17, 18 желтоқсан – мерекелік демалыс күндері.




«Веселись, играй и читать не забывай!»

«Веселись, играй и читать не забывай!»

2014 жылдың 1 маусымында №2 кітапхана-бөлімшесімен (Гагарин бульвары,24)  жаздық оқу бағдарламасына арналған «Веселись, играй и читать не забывай!»  акциясы өткізілді. Акцияға қатысушылар №20, 43,15 орта мектептердің балалары болды. Балалар шағынаудан тұрғындарына жазды бірге өткізуге, сайыстар мен шараларға қатысуға  арналған шақыртулар таратты.

Подробней...



«Жаңа кітаптар»

«Новые книги»

2014 жылдың 31 мамырында №2 кітапхана-бөлімшесімен (Гагарин бульвары,24) ересектер мен балаларға арналған жаңа кітаптар мен мерзімдік басылымдар ұсынылған «Жаңа кітаптар» кітап көрмесін безендірді. Кітапхана қызметкерлері кітаптар мен кітапхананың қызметтерімен танысты.



"Казахстан - планета дружбы детей"

1 июня, в День защиты детей, Центральная детская библиотека приняла участие в городском празднике "Казахстан - планета дружбы детей". Для участников и гостей мероприятия были представлены книжные новинки, репертуар периодических изданий для детей, поступающих в библиотеку. Все желающие получили буклеты с информацией о Программе летнего чтения, которая традиционно проводится во всех библиотеках Централизованной библиотечной системы г. Усть-Каменогорска, а также основными положениями Конвенции о правах ребенка.



Фотосессия "Флешмоб "Одна страна - одна книга" в филиалах ЦБС"



«Көркемсөз өрнегі ерекше - дара талант»

«Көркемсөз өрнегі ерекше - дара талант»

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында №1 кітапхана-бөлімшесінде (Сәтпаев даңғ,14) ШҚГК студенттерінің қатысуымен «Көркемсөз өрнегі ерекше - дара талант»  атты  әдеби сағат  өткізілді. Мақсаты: оқу мәдениетін дамыту, өтпелі кезең жасындағы балалардың ұлттық әдебиетке,  оқуға деген қызығушылғын арттыру. Кітапханашы  «Бір ел – бір кітап» акциясының шығу тарихымен таныстыра келе, жазушының өмірі мен шығармашылық жолына тоқталды.

Подробней...



Кітапханада флэш-моб өтті

Читаем вместе с Центральной городской библиотекой

«Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Қазақстанда аса танымал жобалардың біріне айналды. Оқырман қауым жалпыға бірдей оқуға ұсынылған туындыларды өте қызығушылықпен оқи отырып, автордың өмірбаянымен және шығармашылық жолымен танысады. «Бір ел – бір кітап» акциясы Қазақстанда алғаш рет 2007 жылы бастау алған. 2014 жылы бүкіл ел Сайын Мұратбековтың «Басында Үшқараның» және «Жусан иісі» әңгімелерін оқыды. 

Подробней...



«Cен сондай тамашасың Мурзилка!!!!»

«Мурзилка, ты такой классный!!!!»

-  деп айғайлады балалар 2014 жылдың 14 мамыры күні Орталық балалар кітапханасынан (М.Горький көш, 54 ) кетіп бара жатып. №36 мектептің ұстаздарының тапсыруымен журналдың 90 жылдығына орай  бірінші сыныптардың қатысуымен «С «Мурзилкой» - навсегда!»  атты қызықты жаңалықтар сағаты болып өтті.

Подробней...



Тәуелсіздік және бостандықтың раміздері

Символы свободы и независимости

2014 жылыдың 23 мамырда, №6 кітапхана-филиалында ҚР символдарына арналған күнге байланысты №13 орта мектебінің 7-8 сыныптарына «Рәміздер бейбітшілік пен достықтың  айғағы» брейн-ринг өткізілді. Іс-шараның басында жүргізуші-кітапханашы 4.06.2007 жылы ҚР Конституциялық заңнамасына негізделген ҚР мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихына  және олардың қолданылуына нақтырақ тоқалды. Қатысушыларға екі командаға бөлініп «Бір шаңырақтың астында!» электрондық викторина сұрақтарына жауап берді.

Подробней...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.