1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345678

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Ұмытылмас ерлік»

«Ұмытылмас ерлік»

6 мамыр  күні  №5  кітапханада (Севастополь көшесі, 16/1)  №15 мектептің  6  сынып оқушыларына арналған  9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай «Ұмытылмас ерлік» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. 



«Мужчина рождается для отечества»

«Мужчина рождается для отечества»

2014 жылдың 4 мамыры күні № 1 кітапхана-бөлімшесінде (Қ. Сатпаев даңғ.14) кітапхананың жасөспірім оқырмандарымен 7 мамыр Қазақстан Отан қорғаушылар күніне орай «Ер туады – елі үшін» атты отансүйгіштік сабақ өтті. Сабақ слайд-презентациямен бірге жүрді. Ол Қазақстанның Қарулы Күштерінің кәсіби дағдыларын көрсетіп, оқырмандардың ел қорғаушыларының абзал және ер кәсібіне деген сыйлаушылығы пен қызығушылығын танытты.



Н. И. Колобовамен кездесу өтті

Встреча с ветераном

Кеңес Одағының фашистік Германияны жеңген Ұлы Отан соғысындағы Жеңісі күні ТМД елдерінде ең сыйлы мереке болып саналады. 9 мамыр- көздерде жас тұратын мереке, ауыр еңбек, халықтың батырлығы. № 1 кітапхана-бөлімшесінде (Қ. Сатпаев даңғылы,14) кітапхананың байырғы оқырманы, ҰОС-ның ардагері, 90 жастағы Н. И. Колобовамен кездесу өтті.

Подробней...



«1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі мереркесі»

«1 мая – Праздник единства народов Казахстана»

2014 жылдың 04 мамыры күні  №9 кітапхана-бөлімшесіне (Сатпаев 16/2) Өскемен қаласы әкімдігінің  Өскемен қаласы әкімдігінің ҚМҚК № 6 «Күншуақ» балабақша-бөбекжайы тәрбиешілері мен оқытушылары іс-шараға «0» сынып тобын алып келді. «1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі  мереркесі». Іс-шара  педагогтардың өтініші бойынша жүргізілді. 1 Мамыр тарихы жайлы, көктемгі жарқын мереке Қазақстанның барлық қалаларында аталып өтендігі,  бұл мереке барлық  халықтардың  достығы мен ынтымақтастық мерекесі екендігі жайлы айтылып өтті.

Подробней...



Халықтар бірлігі күніне арналған көрме

«Центральная городская библиотека предлагает»

1 мамыр күні Өскемен қаласындағы Металлург саябағында Қазақстан халықтарының Бірлігі күні мерекесіне орай және  Орталық қалалық кітапхана қорындағы жаңа әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды таныстыру мақсатында ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шараның мақсаты: кітап пен оқуды насихаттау, қала тұрғындарын бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп отырған көп ұлтты Қазақстан өмірін әр қырынынан ашып көрсететін жаңа әдебиеттермен таныстыру, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу.

Подробней...



Мурзилка - 90 жаста!

Мурзилке – 90 лет!!!

Бүлдіршіндерге арналған«Читайка» мектебі аясында 2014 жылдың 25 сәуірінде орталық балалар кітапханасында (М.Горький,54)«Мурзилка»басылымының 90-жылдық мерейтойына арналған отырыс болып өтті.Мақсаты: №38 орта мектептің 2 –сынып оқушыларын басылымның жан-жақтылығы, мазмұны және тарихымен таныстыру. Кішкентай қонақтарымызға Мурзилканың өзі шығып, ең алғаш шыққан кезде қандай болғаның мерейтойлық слайдтан көрсетті.

Подробней...



«Абай- дана, Абай дара халықта»

«Абай- дана, Абай дара халықта»

26 сәуір күні  №5  кітапхана Абай мұрасын  насихаттау мақсатында №15 мектептің  5   сынып оқушыларына арналған «Абай -дана, Абай -дара  халықта» атты  әңгіме өткізді. Әңгіме барысында  балаларға қазақтың  ұлы ақыны  Абай Құнанбаевтің  өмірі мен шығармашылығы жайлы слайд көрсетілді.Соңында оқушылар Абай өлеңдерін оқыды.



«Ұмытылған кітаптар беттері»

«По страницам забытых книг»

№4 кітапхана бөлімшесінде (Металлургтер 13) «Ұмытылған кітаптар беттері»  атты кітап көрмесі ашылды, осы көрме 1 маусымға дейін  жалғасады, оған ғылыми - танымдық кітаптар қойылған. Бұл кітаптар   өткен заманда жазылса да, өздерінің әдеби сапасын жоғалтқан жоқ. Бұндай кітаптарды оқу әрқашанда қызықты. Әдеби кітаптармен танысқысы келетін,кітаптарды қызығушылықпен оқитын барлық оқырмандарды  осы  кітап көрмесіне шақырамыз.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.