1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Менің отбасым – менің қуанышым

Моя семья – моя радость

2014 жылдың 10 қыркүйегінде Орталық балалар кітапханасында (М.Горкий көш., 54) «Спутник – 1» Балалар мен жасөспірімдер клубының  балаларына арналған «Менің жанұям – менің үйім» атты танымдық сабақ өтті.



«Полезный разговор о вредных привычках»

«Полезный разговор о вредных привычках»

№11 кітапхана-бөлімшесінде балалар және жасөспірімдер арасында  салауатты өмір салтын  насихаттау жұмыстары  белсенді жүргізіледі. Кітап  көрмесі, тақырыптық  сөре  ұйымдастырылып  отырады. Түрлі тақырыпта  іс–шаралар өткізіледі.

Подробней...



Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ

2014 жылдың 1 қыркүйегінде Орталық балалар кітапханасында (М.Горький, 54)  «Білім күні» мерекесі қарсаңында «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты «Қазақстан -2050» стратегиясына арналған патриоттық сағат болып өтті. Жолдауды қолдауға, ой бөлісуге №3 мектеп гимназиясының 8 сынып оқушылары келді. Отанымыздың жетістіктері жайлы сөз қозғалып, Қазақстанның өткені мен бүгіні салыстырылып, жолдаудың басты бағыттары талқыланды. Қатысушылар күшті қуатты мемлекет ғана ұзақ мерзімге жоспар құра алатындығына көз жеткізді. Елімізде олардың тегін алаңсыз білім алуларына барлық жағдай жасалып, «мемлекет маған не береді» демей, «мемлекетімізге мен не істей аламын» деген көкейде сұрақ болу керектігін түсінді. Соңында барлығы бейбітшілік заманда еліміз көркейіп, дами берсін деп тілектерін жеткізді.



«Жаз, кітап, мен – достармыз»

«Лето, книга, я – друзья!»

2014 жылдың 28 тамызы күні, яғни, Конституция күні қарсаңында Өскемен қ. әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ, №11 кітапхана-бөлімшесінде (Защита шағын ауданы, Косарева, 34) «Жаз, кітап, мен – достармыз» атты жаздық оқу бағдарламасының салтанатты жабылуы өтті.

 

Подробней...



Білім күні - кітапханада

Білім күні - кітапханада

1 қыркүйек – Білім күні ретінде аталып өтіледі. Осыған орай Орталық қалалық кітапхана қызметкерлері қала мектептерінің оқушылары үшін «Мәңгілік ел» атты шара өткізді.
Қатысушы оқушылар мен ұстаздарды атаулы күнмен құттықтай отыра кітапханашы Елбасы жолдауының өзегі болып табылатын «мәңгілік ел» идеясы туралы айтып өтті. Қазақ елінің бүгінгі жетістіктері мен Елбасы нақтылап берген Жолдау жолдарына тоқтала отырып, арнайы дайындалған бейнекөрсетілімдер мен слайдтық презентациялар көрсетілді.
Соңында оқушылармен сертгіту сәті өткізіліп, «Мен Президент болсам...» тақырыбында ой бөлісті. Білім күніне арналған шара кітапханаға саяхатпен жалғасты.



«Қазақстан жолы-нұрлы жол»

«Қазақстан жолы-нұрлы жол»

29 тамыз күні №1 кітапхана-бөлімшесінде (Сәтбаев даңғылы, 14) Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Қазақстан жолы - нұрлы жол»  атты әңгіме «Ата Заң - тұрақтылық пен бірлік кепілдігі»  атты көрме аясында өтті.



Час информации «Использование Интернет-ресурсов»

Час информации «Использование Интернет-ресурсов»

29 тамыз күні №1 кітапхана-бөлімшесінің оқу залында (Сәтбаев даңғылы, 14) жас мамандар арасында «Интернет- қорларын пайдалану. Веб-сайт, веб-парақша, блог және т.б. туралы»  атты ақпарат сағаты өтті. Шара барысында ғаламдық желі, веб-қорлар, веб-сайттар, олардың түрлері мен ерекшеліктері, сервер, блог, форум, интернет-дүкендер, әлеуметтік желілер туралы сөз болды.

Подробней...



«Кто много читает - тот много знает»

«Кто много читает - тот много знает»

26-тамызда №6 кітапхана-бөлімшесінде (Островский, 6) «Кім көп оқыса - сол көп біледі» атты «Үздік оқырмандар күні» өтті. «2014 жылдың ең үздік оқырманы», «Ұлы кітап жолы» сайыстары қорытындыланды.

 

Подробней...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.