1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Ертегі кейіпкерлерімен кездесу

Встреча со сказкой

Орталық балалар кітапхасында (М. Горький көш, 54) 2014 жылдың 1-ші  тамызында «Алтын-Ай» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығына алынған жандармен кездесу өтті. Ертегі жанрына айналу – кез-келген жастағы оқырмандарды қуантады. Кітапхана қонақтары ертегі кейіпкерлерін еске түсіріп, олардың әртүрлі жағдайлардан жол тауып шыға алатын шеберліктеріне еліктеп, жұмбақтар мен сөзжұмбақтар шешіп, ойын бағдарламасының барлық тапсырмаларын сүйсіне орындады, ал бастысы олар бір-бірімен араласып мәз-мәйрәм болды.



«Балалардың сүйікті жазушысы»

«Балалардың сүйікті жазушысы»

26 шілде күні №5 кітапхана-бөлімшесінде (Севастополь көшесі, 16/1) жаздық оқу бағдарламасы бойынша ықшамаудан балаларымен жазушы Б.Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Балалардың сүйікті жазушысы» атты слайд-әңгіме өтті. Шара барысында балалар жазушының өмірі мен оның жазған шығармалары бойынша слайд тамашалап, әртүрлі  әдеби ойындарға қатысып, соңында  «Менің атым – Қожа» атты фильмнен  үзінді  тамашалады.



«Поднять паруса приключений»

«Поднять паруса приключений»

28 шілде күні Орталық қалалық кітапханада (М.Горький, 54) «Поднять паруса приключений» атты ойын бағдарламасы өтті. Әртүрлі жастағы балалар ғажайып қазына ізденуге аттанды. Балалар өз білімдері мен шеберліктерін «Прилив-Отлив», «Веселая рыбалка», «Ловцы жемчуга», «Морская азбука» және тағы басқа сайыстарында көрсете білді. Бұл ізденіс қорытындысы нағыз қазына – балалар осы жазда міндетті түрде оқитын саяхат пен оқиғалар туралы керемет кітаптар болды.



«Ойлан тап, ертегілер»

«Ойлан тап, ертегілер»

№ 4 кітапхана- бөлімшесінде   (Металлургтер 13)  25 шілдеде шағын ауданның балалар үшін  «Ойлан тап, ертегілер» деген атпен  аулада отырып оқу шарасы өткізілді. Аулада отырып оқу кітапхананың  дәстүрлі жұмысына айналды. Әр түрлі тапсырмалар орындалды. Бұл әдеби викторина жарысы «ертегіні жалғастыру».

Подробней...



«Волшебные сказы гор»

«Волшебные сказы гор»

2014 жылдың 22 шілдесінде № 8 кітапхана-бөлімшесінде (Егоров, 12) «Лето, книга, я-друзья!» бағдарламасы шеңберінде П.Бажовқа арналған «Волшебные сказы гор» атты викторина өткізілді. Балалар жазушының өмірбаянымен танысып, сосын Бажов ертегілері бойынша, «Каменный цветок», «Огневушка - Поскакушка», «Серебреное копытце» атты электрондық викторинаға қатысты. Балалар П.Бажов шығармашылығының үздік білгірлері екенін көрсетті.



«Ертегінің кереметі-ай»

«Ертегінің кереметі-ай»

22 шілде күні № 11 кітапхана-бөлімшесінде  жазғы бағдарлама аясында «Ертегінің кереметі-ай»   әдеби ойын   іс-шарасы өткізілді.  Бұл ғажайып ертегілер әлеміне саяхат. Шараның бірінші бөлімінде балалар ертегі жайлы жұмбақтар және өлеңдер оқыды.

Подробней...



Балалармен шығармашылық сабақ

Творческое занятие с детьми

2014 жылдың 22 маусымында «Лето, книга, я - друзья!» жазғы оқулар шеңберінде орталық балалар кітапханасында (Горький, 54) «Қиялдың күміс қанаты» атты шығармашылық сағаты өтті. Жас оқырмандар өз қабілеттерін қағаз жапсырмаларын жасау арқылы көрсете білді. 

Подробней...



«Ертегілер еліне саяхат»

«Ертегілер еліне саяхат»

2014 жылдың 15 шілдесінде № 2 кітапхана-бөлімшесінде ықшамаудан балалары мен олардың ата-аналарына «Ертегілер еліне саяхат» атты саяхат сабақ өткізілді. Мақсаты: ертегілердің түрлерімен таныстырып, ұлттық рухани біліммен қаруландыру, ертегіні сүйіп оқуға, адамгершілікке тәрбиелеу, ертегі үзінділеріне тоқтала отырып, балалардың қызығушылығын ояту. Балалар жұмбақтар шешіп, ертегілік сайыстарға қатысып, ойнады. Балалармен бірігіп, үлкен эмоциялық деңгейде «Шалқан» орыс халық ертегісі сахналанды. Сондай-ақ,  балаларға ертегілер туралы әндерді хормен орындау өте ұнады.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.