1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Звездопад поэтический»

«Звездопад поэтический»

2014 жылдың 12 тамызы күні «Жаз, кітап және мен!» жазғы оқу бағдарламасы аясында №2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин Бульвары, 24) А.С. Пушкиннің шығармашылығы бойынша «Звездопад поэтический» атты дауыстап оқу сағаты болып өтті.

Подробней...



«Мен тұратын туған өлкем»

«Мен тұратын туған өлкем»

9 тамыз   күні №5 кітапхана – бөлімшесінде (Севастополь көшесі, 16/1) жаздық оқу бағдарламасы бойынша ықшам аудан балаларымен «Мен тұратын туған өлкем» атты өлкетану калейдоскобы өтті. Балалар  «Шырайлы менің Шығысым» атты электрондық презентацияда Өскемен қаласының құрылу тарихы,  елтаңбасы, туы, әнұранымен таныса отыра, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасады. «Менің туған қалам - Өскемен» атты викториналық сұраққа жауап беріп, белсенді оқырмандар сыйлықтарға ие болды. Шара соңында  қатысушылар  қосылып, Өскемен қаласының әнұранын орындады.



«Гүлдене бер, Қазақстан!»

«Гүлдене бер, Қазақстан!»

2014 жылдың 8 тамызы күні №2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин бульвары, 24) Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай «Гүлдене бер, Қазақстан!» атты видеовикторина болып өтті. Мақсаты: балалардың патриоттық сезімдерін нығайту. Алдағы қоғамда икемді қазақ азаматтары болу үшін тапқырлықтарын дамыту. Шара барысында балалар байтақ елімізге сапар шегіп, тапсырмалар орындады. Тапсырмада еліміздің тарихы, танымал тұлғалар, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан қалалары туралы сұрақтар қамтылды. Шара соңында белсенді қатысқан ойыншыларға сыйлықтар таратылды.



«Земля, где я живу!»

«Земля, где я живу!»

№ 6 кітапхана-бөлімшесінде (Островский көш., 8) 6-12 жас аралығындағы балалармен «Земля, где я живу!» балалар кітапханасы сайысына арналған «Своя игра» атты шара өтті. Балаларға Қазақстанның табиғатымен байланысты тақырыптар бойынша электрондық нұсқада викториналар ұсынылды. Сұрақтар жануарлар, өсімдіктер туралы болды. Жасы үлкен балалардан құралған әділ қазылар алқасы викторинаның үздік қатысушысын анықтады. Барлығы жеңімпазды  шын жүректен құттықтап, оны ду қол шапалақпен қарсы алды.



«Мой родной Казахстан»

«Мой родной Казахстан»

2014 жылдың 6 тамызы күні «Лето, книга, я – друзья!» жазғы оқу бағдарламасы аясында №2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин бульвары, 24) «Мой родной Казахстан» атты Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай дилижанс формасында мәдени шара болып өтті. Бұл шарада ықшамаудан балалары Қазақстанның барлық қалаларына сапар шегіп, саяхаттады. Әр жолда балаларға Қазақстанның, Ата заңымыздың тарихы жайында және мемелекеттік мерекелер мен Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар қойылды. Барлық бала белсенділік танытып, тапсырмаларды  дұрыс орындады. Жеңімпаздарға фломастерлер жиынтығы сыйға тартылды.



«Знаешь ли ты свой город?»

«Знаешь ли ты свой город?»

2014 жылы 5 тамыз күні № 8 кітапхана-бөлімшесінде (Егоров, 12) слайд-саяхат және «Сен өз қалаңды білесің бе?» атты викторина болып өтті. Оқушыларды қаланың атақты адамдарының ескерткіштерімен таныстыратын «Өскеменнің ескерткіштері» атты электрондық презентация ұсынылды, артынан балалар викторина сұрақтарына жауап берді. Қала тарихының білгірі болып кітапхана оқырманы – Диас Буруханов танылды.



«Шығыс Қазақстанның аңдары»

«Шығыс Қазақстанның аңдары»

2014 жылдың 4 тамыз күні №9 кітапхана-бөлімшесінде (Сатпаев, 16/2) кітапханашылар ЖМК ықшамауданының балаларымен  «Шығыс Қазақстанның аңдары» атты слайд-пікірлесу өткізді.  «Менің туған өлкем» бағдарламасы бойынша, жүргізілген бұл шара Шығыс Қазақстанның табиғатын танып білумен қатар, оны қорғауға, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды.



«Кітап беттерін парақтай отырып, біз өз өлкемізді танимыз»

«Кітап беттерін парақтай отырып, біз өз өлкемізді танимыз»

№11 кітапхана-бөлімшесінде (Косарев көш., 34)  5 тамыз күні  «Жаз, кітап, мен - доспыз!» жазғы оқу бағдарламасы  аясында, өлкетануға байланысты  іс-шара ауызша журнал түрінде «Кітап беттерін парақтай отырып, біз өз өлкемізді танимыз» атты өткізілді. Іс-шараның барысында жүргізуші балаларды Казақстанның табиғатымен таныстыра отырып, көз тоймас таулар мен керемет өзендер жайлы да айтып өтті, соның ішінде, Шығыс Қазақстанның биік таулы аймақтары – Алтай, Мұзтау таулары, Рахман және Марқакөл, Зайсан көлдері сияқты ғажайып жерлерінің сұлулығына толығырақ тоқталды. Кейін балалар «Қазақстанның інжуі» атты керемет бейне көрсетілімді тамашалады.

Сонымен қатар, «Өлкеміздің байлықтары» сөзжұмбағын шешуде балалар белсене қатысып, дұрыс жауап берді. Қойылған сұрақтар біздің өлкемізде өсетін емдік шөптер туралы болды.
Іс-шара соңында «Туған өлкем - алтын бесігім» кітап көрмесіне шолу жасалды.

Подробней...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.