1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Толеранттылық гүлі

Цветок толерантности

Қазақстандағы Рухани келісім күніне орай №3 кітапхана-бөлімшесінде (Промбаза, Геологическая,24) «Рухани келісім – бейбітшілік пен тыныштыққа апаратын  жалғыз жол»  тақырыбында кітап көрмесі безендірілді. Әрбір жапырақшалары қайырымдылыққа, рақымшылыққа, кешірімділікке, руханилыққа шақыратын «толеранттылық гүлі» көрменің ортасынан орын алып, көрмені әрлендіріп тұр.

Подробней...



«Арбузник»

«Арбузник»

2014жылдың 11 қазанында орталық балалар кітапханасында (М.Горький, 54) мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастардың “Гнездышко” клубының мерекелік отырысы болып өтті. Бұл жылы ол Арбузник үлгісінде өтті.  “Арбузник” сөзінің  әр әріпін  көңілді Сайқымазақ  Спешиал, Олимпикс командаларына және  Емдік-өндірістік шеберханаларды әр түрлі ойындар мен сайыстарға қатысуға шақырды.

Подробней...



«Дені саудың – жаны сау»

«Дені саудың – жаны сау»

2014 жылдың 8   қазан күні № 10 кітапхана-бөлімшесінде (Меновное ауылы, М. Горький көшесі, 11) «Дені саудың – жаны сау» атты денсаулық сағаты өтті. Мақсаты: балаларға адам денсаулығының қымбаттылығын, басты байлық екенін түсіндіру.

Подробней...



«Кітапханашы»

«Библиотекарь»

№ 1 кітапхана-бөлімшесіне (Қ. Сатпаев даңғ.,14) кірген оқырмандарды үлкенді–кішілі кітаптардан жасалған кітапханашы-инсталляция қарсы алады. Оны кітапханашылар оқырмандардың тарту еткен кітаптарынан құрастырып, өздері жасады. Инсталляция итальяндық суретші, дизайнер, декоратор, архитектор  Джузеппе Арчимбольдоның «Кітапханашы» атты бейнесі негізінде жасалды. Арчимбольдоның бұл шығармасы 16 - ғасырдағы абстракциялық өнердің зор жеңісі, салтанаты болып есептелген.

Подробней...



«Подарим лучики добра»

«Подарим лучики добра»»

2014 жылдың  7 қырқкүйек күні  №11 кітапхана – бөлімшесі  зағиптар мен көзі нашар көретіндерге арналған кітапханамен бірлесіп  Қарттар күніне арналған «Подарим лучики добра» атты  мерекелік іс шара  өткізді. Қарттар күні – мейірімді және шуақты мереке.

Подробней...



Дораның қоржынында не бар?

Что у Доры в рюкзаке?

Ал Дораның қоржынында әр алуан тақырыптағы  СD-дискілердің қызықты таңғажайып топтамадасы бар. 2014 жылдың 7 қазанында №3 кітапхана-бөлімшесінде (Промбаза, Геологическая, 24) кітапхананың электронды ресурстарына шолу жасалды. Балалар кітапханашының компьютер ойындарының жаһангері – Дораның қоржынындағы заттарды көрсеткенін қызыға бақылады.

Подробней...



"Посвящение в читатели"

Посвящение в читатели

Кітапханаға алғашқы қадам басқан оқушыларға  3 қазан  күні №11 кітапхана- бөлімшесінде  Опытное поле орта мектебінің 1 сынып оқушыларына  кітапханамен танысу саяхаты өткізілді. Балалар  біздің кітапханаға  жаңа  оқырман  болып жазылып, кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керектігі жөніндегі және де кітаптарды  қалай  аялап ұстау  керек  ережесімен және кітапхананың  бөлімдерімен танысты.

Подробней...



«Мейірімге толы жандар»

День милосердия и добра

2014 жылдың 3 қазаны күні №3 кітапхана-бөлімшесінде (Промбаза, Геологическая,24) «Эллада» БЖК-мен бірлесіп Мейірім мен құрмет күніне арналған музыкалды қонақжай шарасы өткізілді. Мерекеге «Мейірімге толы жандар» тақырыбына кітап көрмесі безендірілді. Жақсы әндер мен мейірімге толы тілектер айтылып, кітапхана іші жылылыққа бөленді. Қонақтар викторина сұрақтарына жауап беріп, совет кезіндегі  кинофильмдердің аттарын әуендері арқылы таба алды. Өздерінің аталары мен әжелерін құттықтауға №14 орта мектептің дарынды балалары келіп, өнерлерін көрсетті. Тамаша әуендер тыңдалды, ал шара соңы қолдан әзірленген тағамдармен шай дастарханына жалғасты.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.