1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Кітапханашы»

«Библиотекарь»

№ 1 кітапхана-бөлімшесіне (Қ. Сатпаев даңғ.,14) кірген оқырмандарды үлкенді–кішілі кітаптардан жасалған кітапханашы-инсталляция қарсы алады. Оны кітапханашылар оқырмандардың тарту еткен кітаптарынан құрастырып, өздері жасады. Инсталляция итальяндық суретші, дизайнер, декоратор, архитектор  Джузеппе Арчимбольдоның «Кітапханашы» атты бейнесі негізінде жасалды. Арчимбольдоның бұл шығармасы 16 - ғасырдағы абстракциялық өнердің зор жеңісі, салтанаты болып есептелген.

Подробней...



«Подарим лучики добра»

«Подарим лучики добра»»

2014 жылдың  7 қырқкүйек күні  №11 кітапхана – бөлімшесі  зағиптар мен көзі нашар көретіндерге арналған кітапханамен бірлесіп  Қарттар күніне арналған «Подарим лучики добра» атты  мерекелік іс шара  өткізді. Қарттар күні – мейірімді және шуақты мереке.

Подробней...



Дораның қоржынында не бар?

Что у Доры в рюкзаке?

Ал Дораның қоржынында әр алуан тақырыптағы  СD-дискілердің қызықты таңғажайып топтамадасы бар. 2014 жылдың 7 қазанында №3 кітапхана-бөлімшесінде (Промбаза, Геологическая, 24) кітапхананың электронды ресурстарына шолу жасалды. Балалар кітапханашының компьютер ойындарының жаһангері – Дораның қоржынындағы заттарды көрсеткенін қызыға бақылады.

Подробней...



"Посвящение в читатели"

Посвящение в читатели

Кітапханаға алғашқы қадам басқан оқушыларға  3 қазан  күні №11 кітапхана- бөлімшесінде  Опытное поле орта мектебінің 1 сынып оқушыларына  кітапханамен танысу саяхаты өткізілді. Балалар  біздің кітапханаға  жаңа  оқырман  болып жазылып, кітапханада өзін-өзі қалай ұстау керектігі жөніндегі және де кітаптарды  қалай  аялап ұстау  керек  ережесімен және кітапхананың  бөлімдерімен танысты.

Подробней...



«Мейірімге толы жандар»

День милосердия и добра

2014 жылдың 3 қазаны күні №3 кітапхана-бөлімшесінде (Промбаза, Геологическая,24) «Эллада» БЖК-мен бірлесіп Мейірім мен құрмет күніне арналған музыкалды қонақжай шарасы өткізілді. Мерекеге «Мейірімге толы жандар» тақырыбына кітап көрмесі безендірілді. Жақсы әндер мен мейірімге толы тілектер айтылып, кітапхана іші жылылыққа бөленді. Қонақтар викторина сұрақтарына жауап беріп, совет кезіндегі  кинофильмдердің аттарын әуендері арқылы таба алды. Өздерінің аталары мен әжелерін құттықтауға №14 орта мектептің дарынды балалары келіп, өнерлерін көрсетті. Тамаша әуендер тыңдалды, ал шара соңы қолдан әзірленген тағамдармен шай дастарханына жалғасты.



«Таныс болайық»

«Будем знакомы»

2014 жылдың 2 қазанында №8 кітапхана-бөлімшесінде (Егорова-12) бірінші сынып оқушыларына арналған «Таныс болайық» атты  кітапханаға саяхат өтті. Қонақтарды кітапхана жырымен қарсы алып,  оқырмандар залымен, абонементтік бөліммен  таныстырдық. Балалар кітапхананың ережелерімен  таныс болды, кітаптың күтімі жайлы сөз болды. Олар  баспа кітаптармен  қатар, электрондық  кітаптармен де таныс болды.



«Согреем ладони, разгладим морщинки»

«Согреем ладони, разгладим морщинки»

2014 жылдың  қазан айының 1-інде  № 2 кітапхана бөлімшесінде (Гагарин бульвары, 24)  «Согреем ладони, разгладим морщинки» атты кітапхана ардагерлерімен мерекелік кездесу өтті. Қарттар мерекесі күні - бұл тек қана мереке емес, сонымен қатар қарттардың бір-бірімен сөйлесіп, араласуына жақсы мүмкіндік тудырады.

Подробней...



«Өмірлеріңіз күздей жарқын болсын»

«Өмірлеріңіз күздей жарқын болсын»

2014 жылдың 1 қазан  күні №4 кітапхана бөлімшесінде  (Металлургтер көшесі 13) қарттар күніне орай «Өмірлеріңіз күздей жарқын болсын » атты құттықтау акциясы өтті. Кітапханадағы  кездесуге егде адамдар мен жасы ұлғайған оқырмандар шақырылды.

Подробней...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.