1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Көнекөз әуесқойлары клубында кезекті кездесу

Фоторепортаж
9 қаңтарда,  сағат  14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) көнекөз әуесқойлары  клубы «Павел Бажов в Усть-Каменогорске» тақырыбында кездесу өткізеді. Шара жазушының 140 жылдық мерейтойына арналған.

Толығырақ ...



«Наполовину не смешно, но очень забавно…»

Фоторепортаж
2019 жылдың 19 қаңтары күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) жас ақын, суретші, көптеген әндердің авторы және орындаушысы Александр Мещеряковтың «Наполовину не смешно, но очень забавно…» атты шығармашылық кеші өтеді. Баршаңызды шалқар шабытқа толы кештің куәсі болуға шақырамыз.



Жаңа жыл құтты болсын!

Фоторепортаж
Жүрекжарды тілектер, әдемі әзілдер мен көңілді күлкілер...! Далада сарышұнақ аяз сықырлаған 28 желтоқсанда Орталық қалалық кітапхананың іші ерекше жылы көңіл күйге бөленді.



Жаңа жылдық ертеңгілік

Фоторепортаж
Жаңа жыл бұл – аңсаған армандардың орындалатын уақыты. Әрбір отбасы, әрбір адам осынау мейрамды асыға тосады. Жаңа жылда - балалар мерекелік көңіл күй кешіп, ерекше ғажайыпқа сенеді. Барлық адам Жаңа жыл кешінде бақытқа бөленіп, мейірімді бола түсетіндей. 

Толығырақ...



«Пульсация вен»

Фоторепортаж
22 желтоқсанда сағат 13.00-де N2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин Бульвары, 24) жастардың Бард-Рок-Клубы кезекті музыкалық-поэтикалық шарасын өткізеді. Бұл жолғы тамаша кездесуде өлкемізде ерекше танымалдылыққа ие, бүгінде шығармашылығын дамытып келе жатқан "Пульсация вен" тобы өнер көрсетіп, бейнетүсіріліммен қатар, аудиожазба жазады.

Толығырақ...



Выставка восточно-казахстанских художников

Фоторепортаж
21 желтоқсан күні сағат 16.00-де Орталық қалалық кітапханада Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана мен ҚР Суретшілер одағының ШҚО бөлімшесі, Л. Агейкин атындағы жеке көркемдік галлереясы мен «Кочевник» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырып отырған шығысқазақстандық суретшілердің мерейтойлық қорытынды сурет көрмесі өтеді. Көрмеге К. Қадырбеков, Ф. Бадажков, А. Бердюгин сияқты өлкемізге танымал қылқалам шеберлерімен қатар Н. Аштеманың шәкірттері, И. Асадулин, А. Климов, Л. Семин және Шемонаихадан,

Толығырақ...



Семинар для библиотекарей школ города

Фоторепортаж

Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мен қаламыздағы мектеп кітапханаларын көп жылғы әріптестік қарым-қатынас пен шығармашылық ізденіс байланыстырады. Орталық қалалық кітапхана (Е. П. Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) мектеп кітапханаларына әдістемелік қолдау көрсетіп келеді. 2018 жылдың 19 желтоқсаны күні сағат 10.00-де мектеп кітапханашылары үшін кезекті семинар жоспарланып отыр. Қалалық кітапхана қызметкерлері әріптестері үшін  2019 жылға арналған «Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесін», тренинг, қаламыздағы қызықты адамдармен кездесу ұйымдастырмақшы.



Оралханның ағылшын тілінде аударылған кітабын сыйға алдық!

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде Лондонда жарық көрген «Кісі киік» кітабы Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханаға тапсырылды. Кітапты жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы Оралхан Бөкейдің 75-жылдық мерейтойына орай өткен республикалық конференция барысында сыйға тартты. Лондонда аударылған бұл кітаптың небәрі 4-ақ данасы Қазақстанға жіберілген екен. Соның бірі біздің кітапханада. 
Құрметті оқырман қауым, кітапханамызға келіп оқу залынан «Кісі киік» кітабын ағылшын тілінде оқуларыңызға болады.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.