1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Дүниежүзілік қант диабеті күні

2018 жылы 23 қарашада сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада Өскемен қаласы әкімдігінің «О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Дүниежүзілік қант диабеті күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ММ  қала тұрғындарының мамандармен кездесуін өткізеді.

Толығырақ ...



«Өскемен қаласының 100 жаңа тұлғасы»

2018 жылдың 21 қарашасында сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі,22) «Өскемен қаласының 100 жаңа тұлғасы» өңірлік жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының  бірінші орынбасары, Өскемен қаласының Құрметті азаматы М.Ш. Екібасованың қолдауымен «Марат-М» ЖШС-нің директоры А.Д. Мусинмен кездесу өтеді.

Толығырақ ...



«Бір ел - бір кітап»

2018 жылдың 20 қарашасы күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында  майндмэппинг түрінде шара өтеді. Қазақстанда 12-ші рет өткізіліп жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясының биылғы жылғы форматы өзгеше. Атап айтқанда, биыл халық назарына үш автордың кітаптары ұсынылды.

Толығырақ ...



«Я живу на улице Славского»

20 қарашада сағат  8.30-да Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Ефим Павлович Славскийдің мерейтойына және Өскеменнің 300 жылдығына орай «Я живу на улице Славского» тақырыбында шара өтеді. Бағдарлама барысында кітапхана қызметкерлері Ертіс жағалауы ауданында тұратын танымал да қызықты адамдармен кездесу ұйымдастырып, тарихи ақпараттар береді.

Толығырақ...



«Осень ищет таланты»

Фоторепортаж

2018 жылы, 9 қарашада Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі,22) «Алтын-Ай» мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылған «Осень ищет таланты» байқауы өткізілді.

Толығырақ...



Бард-Рок-Клуб

Фоторепортаж
№ 2 кітапхана-бөлімшесінде (Гагарин желекжолы, 24) ашылған Өскемен Бард-Рок клубы өзгеше музыкалық тәжірибе өткізеді. Нақты айтқанда, рэп-автор мен Семей қаласының орындаушысы Ив-Гения Өскемендік музыкант гитара шеберлерінің  «жанды» сүйемелдеуімен өнер көрсететін болады.

Толығырақ...



Фан-клуб!?

Фоторепортаж

Бұл туралы естігенде, мегаполис жұлдыздары туралы ассоциация пайда болады... сөйтсек біздің қаламызда да фан-клубтар бар екен! Ал, мен олармен қалай таныс болдым. Біздің кітапханаға бір қыз келіп, жастар театры фан-клубының жетекшісі Жансая Құмашқызымын деп өзін таныстырды.

Толығырақ...



«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Фоторепортаж
Елбасының Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын талқылау мақсатында Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ ұжымы «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты М. Ш. Екібасовамен кездесті.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.