1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Ее Величество, Мама»

Фоторепортаж
Дүйім дүниенің, жалпақ жалғанның бар асылын, бар ғаламатын сыйласақ та, ана алдындағы қарызымыз өтелмес. Ана – жанымыздың бір бөлшегі іспетті. Қиналғанда, қуанғанда есімізге ең алдымен абзал ана түседі. Анадан туған ақындар ең асыл сөздерді анаға арнаған.

 

Толығырақ...



«Тіл – халық қазынасы»

Фоторепортаж
7 қыркүйек күні Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ - 156/2 мекемесі қызметкерлерінің өтініші бойынша мемлекеттік тілді дамытуға арналған іс-шара өткізілді. «Тіл – халық қазынасы» атты шара іскерлік ойын түрінде өтті. Іс-шараға қатысушылар тілді дамытуға, сөздік қорды байытуға арналған түрлі тапсырмаларды орындады, мысалы, ертегілерді жалғастыру, берілген ұйқастар арқылы өлең құрастыру және т.б.



«Мен Лихарев көшесінде тұрамын»

Фоторепортаж

«Отан - отбасынан басталады» деген ата-бабадан қалған қасиетті сөздің мағынасы өте тереңде жатыр. Отан дегеніміз – туған, өскен аулаң мен үйің, ауылың, мектепке баратын көшең. Соның ішінде, сіз туып-өскен және тұратын көше мен оның тарихы, осында тұрған танымал адамдар туралы білесіз бе. Ол туралы ойланып көрдіңіз бе?

Толығырақ...



«Соберем ребенка в школу»

Фоторепортаж
1 тамызда Өскемен қаласында жыл сайынғы «Баланы мектепке дайындаймыз» атты республикалық акциясы басталды. «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының партия мүшелері және Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" КММ қызметкерлері аталмыш акцияға қатысып, жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға,

Толығырақ...



«Жаз. Кітап. Мен – достармыз»

Фоторепортаж
24 тамызда №7 кітапхана-бөлімшесінде (Бажов көшесі, 343/3) «Жаз. Кітап. Мен – достармыз» бағдарламасының жабылу салтанаты өтті. Жабылу салтанаты «Біздің жаз осындай болды!» атты мерекелік шарамен басталды. Жаз маусымында балалар барлық қалалық кітапханалардағы түрлі іс-шараларға қатысып, салтанатты шарада ең үздік оқырмандар алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды.

Толығырақ...



«Шәкәрім мұрасы - ұрпақтар жадында»

Фоторепортаж
Қазақ әдебиетінің бес арысының бірі - Шәкәрім Құдайбердіұлы. 22 тамызда сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада қазақ ақыны, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ Шәкәрім Құдайбердіұлының 160 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтеді.

Толығырақ...



Курдаков оқулары

Фоторепортаж
18 және 19 тамыз күндері екі күнге жоспарланған дәстүрлі «Курдаков оқулары» өтеді.
18 тамыз күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) үш номинация бойынша байқау өткізіледі: Евгений Курдаковтың шығармашылығы бойынша зерттеу жұмыстары,

Толығырақ...



«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары»

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» атты байқаудың аймақтық кезеңінің қорытындысы шығарылды. «Оралхан Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ және «Кітапқұмар» ҚБ бірлесіп дайындаған «Өскемен қаласы халқының әлеуметтік қорғалмаған тобы үшін ОКЖ кітапханаларында ақпараттық қызмет түрлерін дамыту»

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.