1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!


Құрметті пайдаланушылар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен  құттықтаймыз!
Отбасыларыңызға бақыт және мықты денсаулық тілейміз.
Отанымыздың  бүгіні мен болашағы үшін қажыр-қайратымызды аямай, жетістіктерге жете берейік.

16,17, 18 желтоқсан – мерекелік демалыс күндері.




«Ұлы даланың жеті қыры»

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы ұлт үшін рухани жаңғырудың келесі баспалдағы, айқын да, анық жолы. Жетелі жұртқа ұлттық құндылық пен мәдениеттің нақты жеті қырын танытып, қастерлеуді және қадірлеуді ұсынды. Ұлы даланы қорғап қалған «Атқа міну мәдениеті», ежелгі өндірістегі өзіміздің дара жолымыз «Ұлы даладағы ежелгі металлургия», шеберліктің шыңы «Аң стилі»,

Толығырақ ...



«Ширек ғасырлық жол»

Фоторепортаж
2018 жылы 28 қарашада сағат 12.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Өскемен қаласы әкімдігінің «О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған алғашқы қазақстандық телеоператорлардың бірі, «Студия Real-time» ЖШС директоры - Саид Исмагилович Фазыловтың «Ширек ғасырлық жол» кинохроникасының тұсаукесері өтеді.

Толығырақ ...



«Халықтық президент әрқашан халықпен бірге»

2012 жылғы қыстың алғашқы күні қазақстандықтар үшін тағы бір мерекеге толықты. Аталмыш жылдың 1 желтоқсанынан бастап елімізде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күні атап өтіледі.
26 қарашада, сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) ақпараттық және концерттік екі бөлімнен тұратын «Халықтық президент әрқашан халықпен бірге» атты мерекелік шара өтеді. 
Келіңіздер, көріңіздер!



Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметінің негізгі бағыттарының бірі - өлкетану жұмыстары. Осы орайда Орталық қалалық кітапхананың Өлкетану бөлімі жыл сайын атаулы және еске алу күнтізбелерін мемлекеттік және орыс тілінде дайындап, басып шығарады. Жарық көрген кезекті күнтізбеге 2019 жылы мерейтойлары аталып өтілетін Шығыс Қазақтан аймағының танымал тұлғалары мен басқа

Толығырақ...



«Кино және уакыт» кітабының тұсаукесері

Фоторепортаж
23 қарашада сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (E.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы,22) Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында филология ғылымдарының кандидаты, ЖАК доценті, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, Қазақ КСР-нің халық ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасының білім беру құрметті қызметкері, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің құрметті профессоры - В.Ф. Минаевтың «Кино және уақыт» кітабының тұсаукесері өтеді.

Толығырақ...



«Горец с душой поэта»

Фоторепортаж
21 қараша 2018 жылы сағат 13.00-де №4 кітапхана-филиалында (Металлургтер, 13) «Огонек» әдеби клубында ақын Расул Гамзатовтың 95 жылдығына арналған «Горец с душой поэта» атты кеш өтеді. Іс-шара Дағыстанның халық ақынының өмірі мен шығармашылығы туралы медиапрезентацияны қамтиды.

Толығырақ ...



«Я живу на улице Славского»

Фоторепортаж
20 қарашада Орталық қалалық кітапханада (Е. Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Мен Славский көшесінде тұрамын» атты танымдық іс-шара өтті. Аталмыш шара Е.П. Славскийдің 120 жылдығына және Өскемен қаласының 300 жылдық мерейтойына арналды.

Толығырақ...



«Осень ищет таланты»

Фоторепортаж

2018 жылы, 9 қарашада Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі,22) «Алтын-Ай» мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылған «Осень ищет таланты» байқауы өткізілді.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.