1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Кинокоучинг «Трасса 60»

4 маусымда Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) жаңа форматтағы қызықты шара - «Трасса 60» кинокоучы өтті. Кинокоучты Астаналық жас тренер Бекарыс Жадыгер өткізді. Кинокоучтың мақсаты: фильмдегі кейіпкерлерді мысалға келтіре отырып, көрермендерге өз көзқарасын дәлелдей білуге және жеке мәселелерін ата-аналарына салмақ салмай, өздігінен шешуге үйрету. Фильмнің көрсетілімі кезінде тренер белгілі бір сюжетке тоқтап, кейіпкердің іс-әрекетін талдады.

Толығырақ...



«Қазақстан Республикасындағы жаңа мейрам - Домбыра күні»

Фоторепортаж
Қазақстанда алғаш рет Ұлттық Домбыра күні атап өтілді. 2018 жылдың 13 маусымында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шілденің алғашқы жексенбісі күні елімізде Ұлттық Домбыра күнін атап өту туралы жарлыққа қол қойды. Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі»

Толығырақ...



«Маленькая страна»

Фоторепортаж

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ партиялық тобы «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, қалалық мәслихат депутаты М. Ш. Екібасованың қолдауымен, Астананың 20 жылдығына арналған «20 игі іс»

Толығырақ...



Летние читальные залы

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханалары оқырмандарды жазғы маусымда әрбір кітапхана-бөлімшесінде ашылған ашық аспан астындағы Жазғы оқу залына шақырады. Ал, кітапханаларда жұмыс істеп жатқан шығармашылық үйірмелерде сіздер барлық жастағы оқырмандарға арналған кітаптар мен журналдарды, сонымен қатар, балаларға арналған бояйтын кітапшалар мен қарындаштарды және фломастерлерді таба аласыздар. Біз Сіздерді күтеміз!



Меморандум

Білім тарату орталықтарын құру жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыру аясында 2018 жылдың 27 маусымы күні «Нұр Отан» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық «Жас Отан» жастар қанаты филиалы мен Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ өзара ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Толығырақ...



«Записки Усть-Каменогорского Казахского географического общества»

2018 жылдың 14 маусымы күні сағат 16.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) «Записки Усть-Каменогорского Казахского географического общества» жинағының тұсаукесері өтеді. Баршаңызды шараға қатысуға шақырамыз.

Толығырақ...



«Портрет эпохи Независимости - Адилов Сырым»

Фоторепортаж
2018 жылы 1 маусымда Орталық қалалық кітапханада Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жанғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Портрет эпохи Независимости» тақырыбында «Өскеменнің 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, «Өскемен - Сүт СҮ» ЖШС директоры Әділов Сырыммен кездесу өтеді. Шараның мақсаты: өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру.

Толығырақ...



«Жаз маусымындағы кітап эстафетасы!»

Фоторепортаж
31 мамыр күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ кітапханаларында «Жаз. Кітап. Мен – достармыз» атты жаздық бағдарламаның ашылуы болады. Барлық кітапханаларда «Жаз маусымындағы кітап эстафетасы!» акциясы өтеді. 2018 жылдың 1 маусымында Орталық қалалық және орталық балалар кітапханасы «Император» сауда үйінің мерекелік алаңында сағат 13.00-ден 16.00-ге дейін «Open Air», яғни, ашық есік күнін өткізеді. Баршаңызды шараға шақырамыз!

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.