1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345


Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Наурыз - жыл басы»

«Наурыз - жыл басы»

18 наурыз күні №8 кітапхана-бөлімшесі Наурыз мерекесін атап өтті. «Наурыз - жыл басы» мерекесінде  наурыз туралы, қазақтың салт- дәстүрлері жайлы мағлұмат алды. Олар би билеп, ән айтты, «Асық ату», «Көтермек» ұлттық ойындарын  ойнады. Ою оюдан жарыс ұйымдастырылды. Мереке соңында шашу шашылып, жаңа жылға тілектер айтылды.



№ 12 кітапхана-бөлімшесі

Мусағалиева Айнүр Сагидоқасовна
8 (7232) 78-51-33; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Новоявленка а.о.,  Садовая к., 15

№12 кітапхана-бөлімшесінің 2017-жылдың 1-30 қараша аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Шараларды өткізу мерзімдері және уақыттары өзгеруі мүмкін.
Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1.

04.11.2017 15-00 «Дом, который построил С.Маршак». Бейне саяхат.

2.

15.11.2017

15-00

«Ұлттық теңге –тәуелсіздіміздің белгісі».  Сабақ.

3.

16.11.2017

15-00 «Менің денсаулығым – менің болашағым». Әңгіме.

4.

30.11.2017 15-00 «Тұғыры-биік тұлға». Патриоттық сабақ.


№ 11 кітапхана-бөлімшесі

Попова Оксана Валентиновна
8 (7232) 50-03-32; Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек , Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек
Косарев к., 34

№11 кітапхана-бөлімшесінің 2017-жылдың 1-30 қараша аралығында өткізілетін шаралар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1.

14.11.2017 14-00 «Что значит быть патриотом сегодня». Пікірталас.

2.

15.11.2017

14-00

«Теңге – дербестік тірегі». Викторина.

3.

30.11.2017

14-30 «Президент – ғасыр адамы». Саяси портрет.

№11 кітапхана-бөлімшесінің 2017-жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында клубтарда өткізілетін шаралар жоспары.

Күні

Уақыты

Шаралардың атауы

1.

16.11.2017 14-00 «Книги, которые потрясли нас». Ойлау сағаты. «Рябинушка»

2.

22.11.2017

15-00

«Қазақтың көрнекті жазушысы Ғабит Мүсірепов туғанына – 115 жыл» Портрет кеші. «Сыр сазы»

3.

20.12.2017

15-00 «Дружеская встреча в Новый год» Жаңа жылдық сайыс бағдарламасы. «Рябинушка»

4.

21.12.2017 14-00 «Тәуелсіз ел ұланымыз». Поэзия жарысы. «Сыр сазы»

Шараларды өткізу мерзімдері мен уақыттары өзгеруі мүмкін.
Хабарласып, ақпаратты нақтылаңыздар!



Өскемен қаласына арналған жаңа ақпараттар

Өскемен қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің анықтамалық - библиографиялық және ақпараттық қызметтер бөлімі мен Өлкетану ақпараттары орталығы Сіздердің назарларыңызға төмендегі дискілерді ұсынады:

"Өскемен: ХIХ – ХХ ғасырларда"

Подробней...



"Бір ел - бір кітап"

2010ж. наурызынан «Бір ел – бір кітап» акциясы басталды. Оның ұйымдастырушылары - Мәдениет министрлігі, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, сонымен қатар ҚР кітапханалық ассоциациясы. Эксперттердің тұжырымынан кейін, бүкілхалықтық оқуға Ж.Молдагалиевтың «Мен - қазақпын» поэмасы таңдалып алынды.

Подробней...



Кітап білім бұлағы

Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі – білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан – ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл – ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік» - деген еді Ғабит Мүсірепов.
Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу – әрбір адамның  білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Міне осы асыл қазынаны оқу қазіргі таңда төмендеп отыр. «Кітап маған тақтан да қымбат», - деп атап көрсеткен Шекспир.

Подробней...



"Оқырмандар конференциясы"

Кейінгі кезде кітапханада оқырмандармен өткізілетін мәдени шаралар түрі жыл санап молайып келе жатыр. Олай болуы да тиіс. Өйткені қазіргі жаңа технология мумкіншіліктерін пайдалана отырып, өткізер шараны түрлендіруге жағдай жасалған. Дегенмен әлі де болса өз мәнін жоғалтпаған дәстурлі шаралардың негізгісі — оқырман конференциясы кейінгі уақытта қағажау қалып, оның орнын кітап тусаукесерлері, беташарлар, пікіралмасулар басып келеді. Сондықтан да оқырман конференциясы жайлы әріптестеріме ой тастап, жас мамандарға өз жұмыстарында пайдалану ушін әдістеме ретінде ұсынуды жөн көрдім.
Оқырман конференциясы — оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тындау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.

Подробней...



ҚР рәміздері

 

 

ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы

Елтаңба — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан ҚР мемл. гербiнiң негiзi — шаңырақ. Ол — гербтiң жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi. Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет-бейнесiн паш етедi. Бес бұрышты жұлдыз гербтiң тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар. Қ. р. м. г-нiң авторлары — Ж.Мәлiбеков пен Ш.Уәлиханов.

ҚР Мемлекеттік Туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк негiзгi рәмiздердiң бiрi. ҚР Президентiнiң “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституц. заң күшi бар Жарлығымен (24.1.1996) белгiленген. Мемл. ту көгiлдiр түстi тiк бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннiң астында қалықтаған қыран бейнеленген. Ағаш сабына бекiтiлген тұста — ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең. ҚР мемл. туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемл. тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.

 

ҚР Мемлекеттік Әнұраны

Музыкасы композитора Шамші Қалдаяковтікі, сөзі Жұмекен Нажимеденов пен Нұрсолтан Назарбаевтікі.

Алтын күн аспаны,
Алтын дән даласы,
Ерліктің дастаны,
Еліме қарашы!
Ежелден ер деген,
Даңкымыз шықты ғой.
Намысын бермеген,
Қазағым мықты ғой!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Ұрпаққа жол ашқан,
Кең байтақ жерім бар.
Бірлігі жарасқан,
Тәуелсіз елім бар.
Қарсы алған уақытты,
Мәңгілік досындай.
Біздің ел бақытты,
Біздің ел осындай!

Қайырмасы:
Менің елім, менің елім,
Гүлің болып егілемін,
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің – Қазақстаным!

Подстрочный перевод текста Государственного гимна Республики Казахстан:

В небе золотое солнце,
В степи золотое зерно.
Сказание о мужестве – моя страна.
В седой древности
Родилась наша слава,
Горд и силен мой казахский народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

У меня простор неоглядный
И дорога, открытая в будущее.
У меня независимый,
Сплоченный, единый народ.
Как извечного друга
Встречает новое время
Наша счастливая страна, наш народ.

Припев:
О, мой народ! О, моя страна!
Я твой цветок, взращенный тобой.
Я песня, звенящая на твоих устах,
Родина моя – мой Казахстан.

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.