1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі»

2018 жылдың 27-сәуірі күні, сағат 15.00-де Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен соғыс ардагері Хайролла Бақтыбаевтың өмір жолына арналған кеш өтеді.

Толығырақ...



«Язык на котором говорит вся планета»

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ-не қарасты Орталық қалалық кітапхана  (Е.П Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) сәуірдің 23 жұлдызында, сағат 11:00-де Халықаралық ағылшын тілі күніне арналған театрланған көрініске шақырады.

Толығырақ...



Оралхан Бөкей атындағы қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауына қатысыңыздар!

Көркемсөз оқу шеберлерінің О. Бөкей атындағы қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ
2018 жылдың 21-қыркүйегінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Орталық қалалық кітапхана Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өткізеді.

Подробнее...



Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны

Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны - мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін, арнайы жабдықталған орын. Тек анықтама алғысы келетін адам электрондық тасымалдау құралында электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) әкелуі қажет. Қолжетімді қоғамдық қызмет орынын қолдану арқылы сіз анықтамалық ақпарат ала аласыз, құжаттар және анықтамаларды басып шығара аласыз, виртуалды қабылдау бөлмесіне өтініш жазуға, үкіметтік органдармен диалогқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар, электронды пошта арқылы жұмыс істей аласыз.

Толығырақ...



«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. Жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын танымал оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр.

Толығырақ...



«Мен өлкемді зерттеймін!» байқауына шақырамыз

Орталық қалалық кітапхананың (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Өлкетану бөлімі жас зерттеушілер мен өлкетанушылар арасында «Мен өлкемді зерттеймін» атты дәстүрлі VIII қалалық байқауын өткізеді. Аталмыш шара жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының және Жастар сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Толығырақ...



«Жыр дүлділі» атты кездесу кеші өтеді

2018 жылдың 20 сәуірі күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында айтыстың ақтаңгері, ақын, журналист Серік Құсанбаевтың «Жыр дүлдүлі» атты оқырмандармен кездесуі өтеді. Шұрайлы тілмен шындықтың жебесін тартып, құнарлы ойын қара домбырасымен құндақтап жүрген айтыскер ақын көптеген Республикалық, Халықаралық айтыстардың жүлдегері.

Толығырақ...



«Қазақтың қаһарман Қасымы»

2018 жылдың 18-сәуірі күні сағат 13:00-де Орталық қалалық кітапханада (Е. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, Қасым Қайсеновтің 100 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қаһарман Қасымы» атты патриоттық сағат өтеді. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысы кезеңінде партизан отрядтарын басқарды.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.