1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




Аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесі

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ қызметінің негізгі бағыттарының бірі - өлкетану жұмыстары. Осы орайда Орталық қалалық кітапхананың Өлкетану бөлімі жыл сайын атаулы және еске алу күнтізбелерін мемлекеттік және орыс тілінде дайындап, басып шығарады. Жарық көрген кезекті күнтізбеге 2019 жылы мерейтойлары аталып өтілетін Шығыс Қазақтан аймағының танымал тұлғалары мен басқа

Толығырақ...



«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. Жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын танымал оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр.

Толығырақ...



Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны

Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны - мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін, арнайы жабдықталған орын. Тек анықтама алғысы келетін адам электрондық тасымалдау құралында электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) әкелуі қажет. Қолжетімді қоғамдық қызмет орынын қолдану арқылы сіз анықтамалық ақпарат ала аласыз, құжаттар және анықтамаларды басып шығара аласыз, виртуалды қабылдау бөлмесіне өтініш жазуға, үкіметтік органдармен диалогқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар, электронды пошта арқылы жұмыс істей аласыз.

Толығырақ...



Дүниежүзілік қант диабеті күні

2018 жылы 23 қарашада сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада Өскемен қаласы әкімдігінің «О.Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Дүниежүзілік қант диабеті күніне орай Шығыс Қазақстан облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы" ММ  қала тұрғындарының мамандармен кездесуін өткізеді.

Толығырақ ...



«Өскемен қаласының 100 жаңа тұлғасы»

2018 жылдың 21 қарашасында сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі,22) «Өскемен қаласының 100 жаңа тұлғасы» өңірлік жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының Өскемен қалалық филиалының  бірінші орынбасары, Өскемен қаласының Құрметті азаматы М.Ш. Екібасованың қолдауымен «Марат-М» ЖШС-нің директоры А.Д. Мусинмен кездесу өтеді.

Толығырақ ...



«Бір ел - бір кітап»

2018 жылдың 20 қарашасы күні сағат 14.00-де Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында  майндмэппинг түрінде шара өтеді. Қазақстанда 12-ші рет өткізіліп жатқан «Бір ел - бір кітап» акциясының биылғы жылғы форматы өзгеше. Атап айтқанда, биыл халық назарына үш автордың кітаптары ұсынылды.

Толығырақ ...



«Я живу на улице Славского»

20 қарашада сағат  8.30-да Орталық қалалық кітапханада (Е.П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Ефим Павлович Славскийдің мерейтойына және Өскеменнің 300 жылдығына орай «Я живу на улице Славского» тақырыбында шара өтеді. Бағдарлама барысында кітапхана қызметкерлері Ертіс жағалауы ауданында тұратын танымал да қызықты адамдармен кездесу ұйымдастырып, тарихи ақпараттар береді.

Толығырақ...



«Осень ищет таланты»

Фоторепортаж

2018 жылы, 9 қарашада Орталық қалалық кітапханада (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы көшесі,22) «Алтын-Ай» мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігімен бірлесе ұйымдастырылған «Осень ищет таланты» байқауы өткізілді.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.