1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


We invite you to the competition of artistic reading named after Oralkhan Bokey!

On September 21, 2018 the Department of culture and language development of Ust-Kamenogorsk together with the Central city library holds the contest of readers, devoted to the 75th anniversary of Oralkhan Bokey.
The young people aged 16 to 25 can take part in the competition.
The participants must read:
- a piece of prose of Oralkhan Bokey (not more than 3-4 minutes)
- a piece of drama of Oralkhan Bokey (not more than 3-4 minutes)
- a poem, dedicated to the 20th anniversary of Astana.
Preliminary applications are accepted till May 31, 2018. Our address: 22, Irtysh Embankment named after Slavsky, the department of local history of the Central city library or to email: This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it

 

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы қалалық байқауының ЕРЕЖЕСІ

2018 жылдың 21-қыркүйегінде Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Орталық қалалық кітапхана Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына орай көркемсөз оқу шеберлері арасында байқау өткізеді.

БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ:
Байқаудың негізгі мақсаты - тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, талапты, талантты жастарға қолдау көрсету және Оралхан Бөкейдің шығармашылық мұрасын халыққа жеткізу.

БАЙҚАУ ШАРТТАРЫ:

- Байқауға 16-25 жас аралығындағы талапкерлер қатыса алады;
- Кәсіби өнер саласының мамандары байқауға жіберілмейді; 
- Оқылатын шығармалардың ұзақтығы 3-4 минуттан аспауы қажет;
- Үнтаспаларды (фонограмма) пайдалануға тыйым салынады;
- Белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;
- Үміткер оқитын шығармаларды жатқа білуі шарт.
ҚАТЫСУШЫЛАР 3 ТАПСЫРМА ОРЫНДАУЛАРЫ ҚАЖЕТ:
1. Оралхан Бөкейдің прозалық шығармаларынан үзінді оқу;
2. Оралхан Бөкейдің драмалық шығармаларынан үзінді оқу;
3. Танымал ақындардың Астана қаласының 20 жылдығына арналған бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқу.

ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ НАЗАР АУДАРУҒА ТИІС:
- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;
- дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;
- мәтінді таңдау талғамына;
- сахнада өзін-өзі ұстауына;
- сахналық образына.

ТАПСЫРЫСТАРДЫ  ҚАБЫЛДАУ:
Алдын ала тапсырыстар қабылдау 2018 жылдың 31 мамырына дейін This e-mail address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it  поштасында қабылданады. 
Бұрынғы «Оралхан Бөкей оқулары» байқауының жеңімпаздары биыл өтетін байқауға қатыстырылмайды. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетуі қажет.
Тапсырыстарды қабылдау төмендегі мекен-жайда жүргізіледі: Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22. Орталық қалалық кітапхана
25-03-64.
ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ 2018 жылдың 28-қыркүйегінде өтетін облыстық байқауға қатысады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Users are counted

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Use of information

You have to point the source in the case you use the web-site information: "Web-site www.kitaphana.kz".

Partner Program

We invite the sites of libraries and other organizations to take a part in Partner Program to swap the references and registration in our catalogue of organization.

Advertisement on a website

If you want to put an advertisement on our web-site, or in our newspaper “Mereke-Prazdnik dlya vseh”, phone: +7 7232 25-03-64 or write on mail ukcbs@mail.ru