1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789


«Мен өлкемді зерттеймін!» байқауына шақырамыз

Орталық қалалық кітапхананың (Славский атындағы Ертіс Жағалауы, 22) Өлкетану бөлімі жас зерттеушілер мен өлкетанушылар арасында «Мен өлкемді зерттеймін» атты дәстүрлі VIII қалалық байқауын өткізеді. Аталмыш шара жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының және Жастар сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің 75 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың мақсаты: Оралхан Бөкейдің шығармашылығын насихаттау, жастардың интеллектуалдық-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға бейімдеу, өлке әдебиетін зерттеу.

 

 

VІІІ қалалық «Мен өлкемді зерттеймін» байқауының  

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже
Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық қалалық кітапханасы «Мен өлкемді зерттеймін» атты жас ғалымдар мен өлкетанушылардың шығармашылық  жобаларының дәстүрлі VІІІ қалалық байқауын ұйымдастырады.
Байқау жазушы-драматург, журналист, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жастар сыйлығының лауреаты, Н.Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың лауреаты Оралхан Бөкейдің 75 жылдығына арналып отыр.  
2. Байқаудың мақсаты
- О. Бөкейдің шығармашылығын насихаттау;
- жастардың интеллектуалдық-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін дамыту, қызығушылығын  арттыру, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазуға бейімдеу;
- өлке әдебиетін зерттеу.
3. Байқаудың шарттары
- зерттеу тақырыбының таңдалуы; (О. Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы, жазушылық шеберлігі, жазушының біз біле бермейтін бейтаныс әлемі, шығармашылығының зерттелуі, ұрпақтары, туған жері, т.б. туралы)
- дереккөздермен жұмыс істей білуі,
- тақырыптың ашылуы.
- байқауға  15-25 жас аралығындағы барлық үміткерлер қатыса алады.  
4. Байқау екі кезеңнен тұрады
1 кезең – іріктеу. Жобаға түскен жұмыстарды арнайы құрылған қазылар құрамы оқып, талдап, талқылап іріктеу жасайды. Іріктеуден өткен жұмыстар екінші кезеңге жіберіледі. 
2 кезең – финал. Зерттеу жұмыстарын қорғау 2018 жылдың қыркүйек айында  Орталық қалалық кітапханада жазушының туған күніне орай ұйымдастырылатын облыстық ғылыми конференция шеңберінде өткізіледі. 
5. Тапсырыстарды қабылдау тәртібі
1. Жұмыстар 2018 жылдың 1 сәуірінен бастап 31 мамырына дейін (2 ай көлемінде) Өлкетану бөлімінде қабылданады.  Жұмыс мәтіні басылған немесе электронды түрде Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек   поштасына жіберіледі.  (Times New Roman, 14 шрифт, 1 интервал, сол жақтан 3 см жол қалдыру, 7 және 25 бет аралығында) 
Тапсырыс берушінің байланыс телефоны, электронды поштасы көрсетілуі қажет.

Мекен-жайымыз:
Өскемен қаласы, Е.П.Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22
Орталық қалалық кітапхана
25-03-64; 87056241725

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.