«Ақиқатын айтамын»

Фоторепортаж

Қарашаның 22 күні Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханада шырайлы Шығыстың қаламы қарымды, ойы орамды қаламгері Әлібек Қалиұлы Қаңтарбаевпен кездесу кеші болып өтті. С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен О. Бөкей атындағы орталық қалалық кітапхана бірлесе ұйымдастырған әдеби кеш ән мен әрленіп, өлеңмен өрнектелді.

Ақын, жазушы, журналист Қаңтарбаев оқырман қауыммен еркін сұхбат жасап, шығармашылық жолындағы естеліктерімен бөлісті. Филология ғылымдарының докторы Айжан Қартаева Алтайдың атырабын өлеңмен өрнектеп, құбылысын қаламына арқау еткен арқалы ағамызды 70 жас мерекесімен құттықтап, ғылыми баяндама жасады. Әнші Хадыхан Манай кешті дәстүрлі әнмен әрледі. Сонымен қатар «Самғау» тобының әншісі Айдын Айдарханұлы  «Катоным» әнін орындап, ақынның туған ауылының атынан шашу шашты. Ақын Дәулетберді Жекейұлы ақын ғұмырын өлеңмен өрнектеп, жырмен сый тартты. Әдеби кешке қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебінің мүшелері, белгілі ақын, жазушы, журналистер және студенттер қатысты. Көңілге қонымды, жанға жағымды кеш болды.

  Новости - Новости


Яндекс.Метрика