1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
012345


«Рухани жанғыру-ұлт болашағы»

Фоторепортаж

2017 жылы 8 – қараша күні Өскемен қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана әкімшілігі Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына орай «Рухани жанғыру-ұлт болашағы» атты қалалық ақындар мүшәйрасын өткізді.

Қалалық мүшәйраға аталмыш кітапхана жанынан құрылған қалалық «Шабыт» жас ақындар мектебінің шәкірттері және Өскемен өңірінде өлеңге қалам тербеп жүрген жас ақындар  қатысты. Айтулы додаға 16-30 жас аралығындағы 30 жас ақыннан тапсырыс түсіп, оның 12-і қазылар алқасының сараптауынан өтіп, сайысқа жолдама алды. Жыр мүшайрасының мақсаты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, мемлекеттік тілді дамыту, жастарды отансүйгіштікке баулу, жерлес жас ақындардың шығармашылығын шыңдау болды. Сайыс шарты бойынша ақындар мүшәйраға екі өлеңін бәйгеге салды. оның бірі – Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына арналса, екіншісі - еркін тақырыпта болды. Жыр додасының басталу барысында белгілі ақын Әскерхан Ақтай жауқазын жырымен келген жас ақындарға шабыт тілеп, ақ батасын берсе, жас әншілер Дарын Жігер мен Елдос Бұланбек әннен шашу шашты. Әскерхан Ақтай (ақын, драматург), Есімжан Нақтыбай (ақын, «Дидар» газетінің журналисі, Құмар Зиятхан (ақын, «Жас қаламгер үйірмесінің жетекшісі) қатарлы «өлеңді өміріне серік еткен» танымал ақындардан құралған қазылар алқасы сайыскерлердің саумал жырларын сарапқа салды.  Өнерді бағалаған, өлең сүйер қауымның қолдауымен, қазылар алқасының бағалауымен, оза шапқан жеңімпаздар да анықталды. Бас жүлде Оразай Жеңісұлының қанжығасына байланса, І орын Алтынғадыс Күнтуғанұлының еншісіне бұйырды. Ал ІІ орынға Тасқын Болатұлы иелік етті. ІІІ орын мәртебесіне Дәулетберді Жекейұлы лайық деп танылды. Бұдан басқа да тағайындалған «Ғалым Байбатыров атындағы сыйлық» - Наркез Серікқызына, «Т.Нұқай атындағы сыйлық» - Тасқынбек Құндызға, «Серік Ғабдуллин атындағы сыйлық» – Данагүл Исағұлқызына, «Хамит Балшабеков атындағы сыйлық» - Нұрқанат Тоқтарханұлына, «Шабыт» ақындар мектебі атындағы арнайы жүлде» - Жұлдыз Талапханға табысталды. Орталық қалалық кітапхана ұйымдастырып, Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі қаржылай қолдау көрсеткен, Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау мақсатында өткен жыр мүшәйрасы жас таланттарға тағы да дем беріп, шабыттарын шыңдады.

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.