1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112


«Хош келдің Әз- наурыз»

Өскемен қаласы білім беру басқармасы

КММ  №14 негізгі орта мектебі

Мектепалды даярлық тобы

Өткізген тәрбиеші Алимова Салтанат Айдарбековна

«Хош келдің Әз- наурыз»

Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру, балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл   22- наурыздан басталып, күн мен түннің теңесетінін түсіндіру. Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын білуге үйрету. Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға, балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты интерактивті тақтамен жабдықталып ұлттық нақышта видеослайд көрсетіліп тұрады.

Безендірілген залға «наурыз біздің әніміз» әүенімен ұлттық киім киген ұл қыздар  қолдарына гүлдер алып кіреді.

Жүргізүші-Тыңданыздар! Тыңданыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар

Наурыз тойы басталды

Көргендер де арманда

Көрмегендер де арманда

Қызықтан тыс қалмандар!

Ұлыс күн құтты болсын!

Тоқжан  Тыңданыздар, тыңданыздар!

Жар салайық әлемге

Ұлыс тойы басталды

Жанарғаны сананың

Ұмытады мұны кім

Ата салтын бабамның,

Алып келді ұлыс күн

Әжеміз тойға шашу шашады.

Ерасыл Жаңа жылым келіп жетті ансаған

Басқа ұлттармен татулыққа жар салған

Дәстүрімен мақтанамын елімнің

"Мен қазақ"-деп дүниеге жар салам!

Наурыз келді ал тойлайндар жарандар!

Келген мына мерекеге қарандар,

Шашу шашып ақ жаулықты аналар

Тойда бүгін ойнап күліп тарандар.

Ажар Қанаттары желбіреп

Келе жатыр құс қайтып

Нәзік үні елжіреп

Наурыз келді қуантып

Дала гүлге оранды

Құстар елге оралды

Бүршік жарып ағаштар

Шашын өріп таранды

Аружан Наурызым шат-думан көніл тойы,

Жан берген тіршілікке өмір тойы.

Кеңлейіп ел жұртына мейір шашып

Күн нұрын құшып жатыр өңір бойы

Жүргізүші: Келіндер, келіндер! ұлыстың ұлы күні Клара әжеміз  немересінің тұсау кесер тойын  өткізгелі отыр соны тамашалайық

Жарыса өнер көрсетіп, той тойлайық тамаша! Нәрестенің құрметіне ән айтып, би билейік, жарыстар ұйымдастырайық. Келіндер балалар әжеміздің немересің құттықтайық.

Тұсау кесер  рәсімінен  көрініс

ЖОРҒА биі ұлдар орындауында

Тағыда тақпақтардан шашу шашқан балаларды тындайық

Алихан Өлкеме наурыз келді, көктем келді,

Құлпырып гүлге орап көкпен жерді

Халқымның салт-дәстүрлерін аялаған

Арманы асқақтады көптен бергі.

Аруна   Гүлге орап жасандырып жусан белін

Ақтарған арындатып думан селін

Сіңірген халық салтын қанымызға

Мейрамын құтты болсын туған елім

Наурыздың жанға жайлы самалы есіп

Еліме сыйлап жатыр жаңа есіп

Кенейді жан сарайы сана өсіп

Дәстүрін жалғастырып бабалардың

«Қобыздың үні» қобызда  орындайтын ата-аналар қауымы.

Жүргізүші Қош келдің әз наурызым ауылыма

Қарт ажарлы әжей қауымына

Қайда өнерін жетелер

жастарыңды арқан тартыс, алтыбақан сауығына.

Қыз ауыр ма, тұз ауыр ма дегендей қыздармен ұлдарды арқан тартыс сайысына шақырамыз.

Ән «Наурыз-жыл басы» орындайтын топ балалар

Мың бұралып майысқан қыздарымызды қарсы алайық  Көктем вальсы

Аружан

Наурыз тойы әдемі,

Апам еске түсірді.

Бізге арнап апамыз,

Наурыз көже пысырды.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Апам наурыз көжеге,

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, тары, күріш бар,

Сүт пен ет және шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже елдің ырғысы.

Тоқжан

Наурыз той, наурыз думан

Бар арман орындалған

Наурыз бақ, наурыз аспан

Барлық адам сыйласқан

Атамыз бата береді- «Қырандай боп ұл өссін, Шынардай қыз өссін.  Ит жылы елімнің тыныштығын күзетсін. Терістен жел соқпасын, зобаландап тоқтасын, ырыс бассын ырғалып, бар үйелмен от басын!»

Би- Қара жорға топ балаларының орындауында.

Жүргізүші: Наурыз құтты болсын!

Дендерініз сау, мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын,

Қош ,сау болыңыздар, халайық!

Көріскенші күн жарық болсын!

Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.

Көжеден дәм татыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Администрация сайта не несет ответственности за содержание статьи.

 

 

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.