1. Skip to Menu
  2. Skip to Content
  3. Skip to Footer>
0123456789101112

Хош келдіңіздер!

Біз Сіздерді Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз! Қазіргі уақытта біздің кітапханамыз аймақтағы басты кітап сақтау орыны. Сонымен қатар, ақпараттық, ғылыми-зерттеу, әдістемелік және өлкетану жұмыстарының көп салалы орталығы. Өз оқырмандарымызбен бірге барлық қашықтағы пайдаланушыларға біздің сайт әрқашанда ашық. 
Сіздерді өзара қарым-қатынаста, ынтымақтаса қызмет етуге  шақырамыз!




«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2017 жылы «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын жүзеге асыру үшін коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» құрылды. Жоба аясында тарих, философия, социология, психология, антропология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, инновация, медиа, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік салалары бойынша әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында оқытылатын танымал оқулықтар қазақ тіліне аударылып жатыр.

Толығырақ...



Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны

Қолжетімді қоғамдық қызмет орыны - мемлекеттік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін, арнайы жабдықталған орын. Тек анықтама алғысы келетін адам электрондық тасымалдау құралында электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) әкелуі қажет. Қолжетімді қоғамдық қызмет орынын қолдану арқылы сіз анықтамалық ақпарат ала аласыз, құжаттар және анықтамаларды басып шығара аласыз, виртуалды қабылдау бөлмесіне өтініш жазуға, үкіметтік органдармен диалогқа қатысуға мүмкіндігіңіз бар, электронды пошта арқылы жұмыс істей аласыз.

Толығырақ...



«Пульсация вен»

22 декабря в 13:00 в Библиотеке-филиале № 2 (Бульвар Гагарина, 24) Молодежный  Бард-Рок-Клуб проводит очередной музыкально-поэтический эксперимент! На этот раз это будет выступление и одновременно видеосъёмка и аудиозапись выступления молодой, но стремительно развивающейся неординарной группы «Пульсация вен», получившей уже некоторую известность в наших краях))) Ибо песни их – это не просто там какие-то песенки – ребята великолепно чувствуют музыку и потрясающе работают с текстами. И ещё они очень неравнодушные люди.

Подробнее...



Оралханның ағылшын тілінде аударылған кітабын сыйға алдық!

Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде Лондонда жарық көрген «Кісі киік» кітабы Өскемендегі Оралхан Бөкей атындағы орталық қалалық кітапханаға тапсырылды. Кітапты жазушының қарындасы Ғалия Бөкейқызы Оралхан Бөкейдің 75-жылдық мерейтойына орай өткен республикалық конференция барысында сыйға тартты. Лондонда аударылған бұл кітаптың небәрі 4-ақ данасы Қазақстанға жіберілген екен. Соның бірі біздің кітапханада. 
Құрметті оқырман қауым, кітапханамызға келіп оқу залынан «Кісі киік» кітабын ағылшын тілінде оқуларыңызға болады.

Толығырақ...



Тәуелсіздік күніне – жаңа деректі фильм!

Фоторепортаж
Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапхана (Е. П. Славский атындағы Ертіс жағалауы, 22) Сіздерді «Real-time»  студиясы дайындаған «Ширек ғасырлық жол» атты киношежірені көруге  шақырады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған деректі фильмде Шығыс Қазақстан аймағының тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық даму жолдары және Елбасының облысымызға әр жылдары келген сапарлары туралы  түсірілген бейнематериалдармен танысатын боласыздар.  

Толығырақ...



«Өлеңімнің өзегі – төр Алтайым»

2018 жылдың 13-желтоқсаны күні сағат 14.00-де Оралхан Бөкей атындағы Орталық қалалық кітапханада Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Катонқарағай ауданының құрметті азаматы, Білім беру ісінің ардагері, ұстаз – ақын Төлеген Рақымжанұлының 80 жылдық мерейтойына орай «Өлеңімнің өзегі – төр Алтайым» атты әдеби кеш өтеді. Кеш барысында ақын өлеңдеріне құрылған театрландырылған қойылым қойылып, ақын өлеңдері оқылады, естеліктер айтылады.
Басты мақсат талантты ақын шығармашылығын дәріптеу, ұлағатты жолын ұрпаққа үлгі ету. Баршаңызды шарада күтеміз!



«Оралхан Бөкейдің рухани әлемі»

Фоторепортаж
Өскемен қаласындағы Оралхан Бөкей атындағы қалалық кітапханада «Оралхан Бөкейдің рухани әлемі» атты ғылыми конференция өтті. Конференция барысында жазушы Асқар Алтай, Оралхан Бөкейдің қарындасы Ғалия Бөкейқызы, өнертанушы-журналист Назерке Жұмабай, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың оқытушысы, ф. ғ. д, профессор Картаева Айжан Маратбекқызы, жазушы, журналист Әлібек Қаңтарбаев, т. б жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысып, баяндама жасады.



«Даланың сазды әуендері»

Фоторепортаж
Музыка - адамның жандүниесін баурап, тәтті қиялдарға қанат қақтыратын сыйқырлы күш. Сонымен бірге, ұлттың мәдениеті мен өнер тарихынан ақпарат беретін  тарихи қазына. Әр ұлттың өз музыкалық мұрасы бар. Музыканың құдіреті сол - әуенмен әрлеген суреттерге жан бітіп, деректер мен сандар сөйлеп кеткендей болады... Музыка – сан ұлттарды бір-бірімен ынтымақтастыратын достық дәнекері.

Толығырақ...

Twitter

Instagram

Facebook

Youtube

Одноклассники

Instagram

Сұраңыз, жауап береміз!

Рухани жаңғыру

Оқырмандар қоржынынан

Серіктестер

Оператор 'Виртуальной справки'

Бізді санайды

Рейтинг@Mail.ru Яндекс.Метрика

Материалдарды қолдану

Сайт материалдарын баспа, электронды немесе басқа түрде қолдануға тек www.kitaphana.kz сайтына сілтеме болғанда ғана рұқсат етіледі.

Серіктестік бағдарлама

Барлық кітапханалар мен өзге мекемелерді сілтемелермен алмасу және біздің мекемелер каталогына тіркелу мақсатында іскерлік бағдарлама мүшелігіне шақырамыз.

Сайттағы жарнама

Сайт бетінде жарнама орналастыру бойынша
+7(7232)25-03-64 телефоны және ukcbs@mail.ru
арқылы хабарласуға болады.